Әдеби KZ
Меңтай алғашында бірнеше күн сабаққа мен сия төккен свитерін киіп келіп
жүрді. Тегі оны ауыстырып киерлік лайықты басқа кеуде киімі болмады-ау
деймін. Аппақ свитердің етегіндегі көк сияны көргенде менің бетімнен отым
шығып, оған қарамауға тырысамын, көзімді басқа жаққа бұра бастаймын.
Менің дәл сол сәтімді андып тұрғандай Қанипа сөз бастайды.
– Меңтай, немене, өзің көк бүйрек боп кеткенсің бе? – дейді оның бүйіріне
үңіліп.
_ Тү-ү-у, қыздар-ай, – дейді Меңтай дауысын соза сөйлеп, сәл күлімсіреп
қойып. -
Кірлемейтін киім болушы ма еді, қойсаңдаршы.
Осы кезде Зайкүл күлімдеп, басын қиқаңдатады.
– Көк бүйрегің не, Қанипа-ау, бұл – Меңтайға ағасының басып берген көк
мөрі емес пе? – дейді.
Басқа қыздар мырс ете қалады. Менің маңдайымнан тер бұрқ ете түседі.
Сасқалақтап, жан-жағыма қараймын. Қыздар түк болмағансып, төмен
қарайды.
Меңтай сабырмен отырып, құрбысының әзіліне шындап жауап береді.
– Қыздар-ау, баяғыда бір сауыт сия төгіліп еді деп, ағайды күн сайын қинай
бермесеңдерші, - дейді ол достарына мөлдірей қарап. – Орнықсыз кішкентай
сауыттың құлап кеткеніне ағай кінәлі ма екен? Қараңдаршы өздерің:
біріміздің жөні бүтін сия сауытымыз жоққой алдымызда. Біріміз әтірдің
сауытына, біріміз дәрі-дәрмек шишасына сия құйып жазамыз. Ал бұған шын
кінәліні іздесек – соғыс қой ол. Соның салдары емес пе бәрімізге қағаз,
қарындаш, портфельге дейін қат болып кеткені. – Осылай деп Меңтай,
лықсып кеп қалған қалың суды бөтен арнаға аударғандай қыздардың күлкі
|