Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет47/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тығып  алып  сорлатармын»  дедім  де,  тырп  етпестен  отырып  қалдым.  Ми 

айналып  жерге  түсердей  ыстықта  ауыр  жүк,  қару-  жарақ  арқалап  жорықта 

келе  жатқандай  боп  гимнастеркамның  жеңімен  самайымды,  маңдайымды 

сипай  бердім.  Қоңырау  соғылғанда,  басы-көзін  тер  жауып,  болдырған 

зеңбірек  атындай  сенделектеп,  сүмірейіп,  сүйретіліп,  орнымнан  әрең 

тұрдым. 

 

Сөйтіп  менің  студенттік  дәуірімнің  алғашқы  күндері  өте  бастады. 

Университетке, 

оның 

биік-биік 



аудиторияларына 

бойым 


үйреніп, 

оқытушылардың  аты-жөнін  біліп,  қай  сабақтың  қай  жерде  өтетінін  адаспай 

табатын  болып,  біртіндеп  көшелі  студент  санатына  қосылып  келе  жаттым. 

Бұрынғыдай біреу бетіме қараса ыржиып қоя бермейтін болдым. 

Мастықтан  айыққандай  өзімді  өзім  тежеп  ұстауға  машықтана  бастадым. 

Соғыста жеңіл нәрсе, жұмсақ зат ұстап көрмегендіктен аудиторияда қолыма 

ілінгеннің бәрі жеп-жеңіл көрініп, не құлатып, не қиратып алатын әдетімнен 

де айыға түстім. 

Өзіміздің  курстың  қыздарына  да  ептеп  көзім  қанып,  оларды  аудиторияда 

ғана  емес,  көшеде  де  танып,  бас  изесетін  халге  келдім.  Аш  ауызға  ерінге 

тигеннің бәрі май тәрізді боп таныла ма, кім білсін, әйтеуір, бірінші көргенде 

курстағы  қыздардың  бәрі  бірдей  сұлу,  сымбатты,  бірінен  бірі  өткен  әсем, 

бейіштің  төріндегі  хор  қызындай  бірінен-бірі  айырғысыз  сияқтанып  еді. 

Алғашында  балықтың  уылдырығындай  ұқсас,  шетінен  жұмыртқадай  ақ  боп 

көрінген  қыздар  бірте-бірте  пішін-тұлғалары  бірінен-бірі  бөлектеніп,  мінез-

құлықтары  ерекшелене,  екшеле  түсті.  Олардың  ішінен  ептеп  қара  торы  қыз 

да, қара қыз да, шұбар қыз да шыға бастады. Дегенмен, көпшілігі сол бірінші 



52 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет