Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет43/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

бергенімде  бір  нәрсе  ысылдап,  ысқырып,  қақаңдап  келіп  дәл  есік  алдына 

тоқтады  да,  шыр  көбелек  үйіріле  қалды.  Зәрем  зәр  түбіне  кетіп,  «ойбай, 

снаряд»  деп  жертөленің  төріне  қарай  жүгірдім.  Журналистердің  де  көздері 

шарасынан шығып, «аллалап» жатыр. Біріміздің астымызға біріміз тығылып, 

үйме-жүйме  болдық  та  қалдық.  Сөйтіп  жатып  бәріміз  бақырайып  есікке 

қараймыз.  Есік  алдында  ажал  биін  билеп,  ұршықша  айналып  снаряд  тұр. 

Ешқайсымызда  үн  жоқ,  іштей  снаряд  әне  жарылады,  міне  жарылады  деп 

жанымыз  шығып  барады.  Бір  кезде  снарядтың  шыр  көбелек  айналған 

шапшаңдығы  азайып,  оның  шоқиып  отырған  аюдың  күшігіндей  боп  бойы 

көрінді де, сәлден соң, буыны құрып, әлі біткендей, сылқ етіп құлап кетті. Сол 

кезде  менің  тасамда  жатқан  капитан  селк  ете  түсіп,  көзін  жұмды.  Снаряд 

құласа  да  жай  жатпай  аунақшып-дөңбекшіп,  өлі  тигендей  әлденеше  рет 

тыпыршып барып әрең тынышталды. Соның өзінде де: «Әй, қайдасыңдар?» 

дегендей,  мойынсыз  мұқыл  тұмсығымен  бізді  іздеп  жер  иіскеп  жатқандай 

боп, басын жертөленің есігіне тірей тоқтады. Біреуіміз басымызды көтерсек-

ақ снаряд көмейінен қорғасын бүркіп жіберетін сияқтанды. 

– Алла! – деді қазақ. 

– Ойбай! – деді өзбек. 

Бәріміз  бірдей  көзімізді  тас  жұмдық.  Енді  қазір  снаряд  жарылып 

төртеуіміздің парша- паршамыз шығатын сәтті күттік. 

Жоқ,  біз  асыққан  екенбіз.  Біз  төртеуіміздің  парша-паршамызды  шығаратын 

снаряд 

Германияның ажал фабрикасында жасалмаған боп шықты. 

Сонымен не керек, ары жаттық, бері жаттық – снаряд жарылмады. Осы иттің 

өзі біздің қасымызға келіп жарылғалы жертөленің ішіне кіріп кеткен жоқ па 




48 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет