Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет63/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Тұтқа қолымнан сүйреп, есікпен ішке ілесе кірдім. Ішке кірсем... Сол жақтағы 

және төрдегі екі төсек жинаулы бос тұр. Екі төсектің бел ортасындағы екі ақ 

жастық: «саған не жоқ ей» дегендей, екі құлақтары едіреңдеп, маған қарай 

қалысты. Мен неге екенін білмеймін, әлдебір магнит тартқандай болды ма, 

әйтеуір шапшаң мойнымды оңға бұрдым. 

Бұрылсам,  оң  жақтағы  төсекте  Меңтай  жатыр.  Жайшылықта  бұрым  етіп 

басына орап- орап, төбесінен түйіп тастайтын қалың қара шашы ақ жастықты 

көміп  кетіпті.  Ақ  маңдайы  ашыла  жарқырай,  ақша  беті  албырап,  бал-бұл 

жанады. Оның үстіндегі қара мең мойылдай мөлдіреп, көзіңді қызықтырып, 

жаныңды еріксіз шиыршық аттырады. «Апырай, Меңтай деген әсем ат бұған 

осы меңге байланысты қойылған екен-ау» деп ойладым ішімнен сол сәт. Өз 

лебіне  өзі  балқып,  тәтті  ұйқының  құшағында  жатқан  сұлу  қыздың  сәбидей 

пәк жүзінен өзгеше бір рақат нұры шашырап тұрған тәрізденеді. 

Шинелімнің  екі  етегі  салбырап,  керзі  етігімнің  екі  ұлтаны  еденге  екі  басы 

алшия  жабысып  қалғандай  боп  қалшиып  тұрған  мен  жылтыр  күнқағарлы 

қоқайма  фуражкамды  умаждап,  бұрап,  мыжғылай  бергенімді  өзім  де 

аңғармаппын.  Кісі  қолынан  садақа  дәметкен  қайыршыдай  емініп,  қыз 

төсегіне  төніп  тұрып  қалыппын.  Көзім  Меңтайдың  беті-жүзін  сұқтана, 

ашқарақтана  шолып,  оның  бұғағы  мен  мойнына  қарай  ауысты.  Жалаңаш 

жатқан  мәр-мәр  екі  иық  пен  жаңа  ғана  көшеде  өзім  көріп,  қолыммен 

уыстаған ұлпа қардай аппақ  кеудені көргенде жаным шығып кете жаздады. 

Екі  иықтан  асып  келген  ақ  жібек  иықбау  қыздың  көгілдір  түсті  жұп-жұқа 

ішкөйлегінің омырау тұстарынан жалғасыпты. 

Ішкөйлектің  кеудесі  көктемде  қозы  жейтін  сарғалдақтың  үлбірегі  іспеттес 

үлбіреген  жұқа  шілтермен  безеліпті.  Одан  төменіректе,  ішкөйлек  астынан, 

қатар  жатқан  қос  жұдырықтай  боп,  қыздың  қос  алмасы  тырсияды.  Қыз 

денесінің  өзге  жағын  менен  жасырғандай  боп,  жеңіл  қызыл  жібек  көрпе 




68 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет