Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет71/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Сіз менің туған ағам Жүніске сондай ұқсайсыз, ағай, – деді Меңтай шай ішіп 

отырып. – Біз бір әке, бір шешеден Жүйке екеуміз ғана едік. Кішкене күнімде 

тілім келмей, мен Жүністі Жүйке дейді екенмін, өмір бойы солай атап кеттім. 

Ол менен үлкен болатын, сіз құралыптас еді. Сіз де қозыдай жуас, момынсыз 

ғой,  ағай.  Жүйке  де  сондай  еді.  Анау  тұрған  ағайымның  суреті.  Меңтай 

төсегінің тұсындағы газетке жапсырылған суреттерді нұсқады. – Сіз ең алғаш 

біздің аудиторияға кіріп келгенде, не болғанымды білмей кеттім. 

Сізді мені іздеп келген сол ағайым екен деп қалдым. Артынан, сіз екеніңізді 

білсем  де,  жүрегім  еріп,  үзіліс  болғанша  тыпыршыдым.  Сіз  тым  болмаса 

менің  ағаммен  соғыста  бірге  болмады  ма  екен  деп  ойладым.  Үзіліс  кезінде 

соны сұрайын деп оқталған едім. 

Қалжыңбас  Қанипа  сізді  ұзақ  тергеп,  әуреге  түсірді.  Сол  кезде  менің  сізге 

қатты  жаным  ашып  тұрды.  Шыдамай  қасыңызға  барғанымда  Жүйке  есіме 

түсіп,  «арманым,  ағатайым,  қайдасың  сен?»  деп  ішімнен  егіліп  жылап 

тұрдым. Кейіннен, сіздің дәптеріңізді үйге әкеліп, қазақ тілінің конспектілерін 

көшіргенімде  де  осы  жерде  отырып,  бірталай  беттеріне  көзімнің  жасы 

тамды. 


Меңтайдың мен алғаш аудиторияға келген сағаттан бастап маған қамқоршы 

болғанын  жоғарыда  айттым.  Ол  сол  күнгі  лекциядан  кейін  менің  қазақ  тілі 

дәптерімді  алып  кетіп,  бірнеше  кеш  отырып,  бұрын  өткен  лекцияларын 

көшіріп  берген.  Сол  сияқты  Майра,  Күлкен,  Қанипа  сияқты  қыздарға  да  бір-

бір  дәптер  етіп,  басқа  пән  лекцияларын  және  көшірткен.  Адал  көңілімен 

ағасындай  көріп,  жаны  қалмай,  қамқоршы  боп  жүрген  қызға  менің  іштей 

ғашық  болып  құмартуым  оған  бейне  бір  жамандық  ойлаумен  парапар 

сияқты  боп  көрінді  өзіме.  Осы  осалдығым  үшін  өзімді-өзім  іштей  кінәлап, 

ұрысып, үнсіз шиырып қалдым. Қыздың балдай тәтті шайы терлетті ме, әлде 



76 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет