Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет68/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  О,  ағай,  жоғарылаңыз,  төрлетіңіз,  –  деп  үтігін  шетіне  шоқитып  қоя  салды. 

Меңтай  үстіне  көп  жуылғандықтан  бұрынғы  қара  көк  түсі  бозғылттанып 

кеткен көнетоздау спорт костюмін киіп тұр екен. Ескілеу болғанмен етпен ет 

боп  жабысқан  осы  бір  жарасты  киім  қыз  мүсінінің  мүшелерін  айқындап, 

адамды одан сайын ынтықтыра түсетіндей. Оның есесіне бағанағы ақ мойын

ақ  білек,  уыз  кеуде  біржола  жасырынып,  бүркеліп  қалған.  Мен  сол  бір  сұлу 

картинаны  іздегендей  тамсанып,  төсекке  қарадым.  Тап-тұйнақтай  боп 

жиналған  үй  іші  маған  жанды  ерітер  тамаша  картинаның  бос  қалғандай 

үңірейіп тұрған сияқты боп көрінді. 

Көйлегін қоя салып Меңтай, екі қолын қатарластыра ілгері созып маған қарай 

жүрді. 


Ағай, 

сіздің 


Жаңа 

жылда 


бақытты 

болуыңызға, 

ойға 

алған 


мақсаттарыңыздың  бәрі  түгел  орындалуына  шын  жүректен  тілектестік 

білдіремін!  -  деп  кішкентай  әсем  алақандарының  арасы,  менің  қолымды 

қысты. 

–  Егер  шын  тілектес  болсаң,  онда  ойға  алған  бар  мақсатым  сенсің  ғой, 

Меңтай», – дедім мен ішімнен. Бірақ, оны сыртыма шығарып айта алмадым. 

Рахмет, Меңтай, мен де сізге соны тілеймін! – дедім оның қолын мен де қос 

қолдай қысып, қысып емес-ау, жас баланыңұстағандай мәпелеп. 

Меңтай маған еркелей қарады. - Ағай, бір өтінішім бар, айтайын ба? 

Айтыңыз, – дедім «ол не өтініш болды екен?» деп жүрегім лүп ете қалып. 

Айтсам, бүгіннен бастап мені «сіз» демей, «сен» деп атаңызшы. Жарай ма? 

– Неге? 

– Мен сізді туған ағайымдай жақсы көремін, – деді Меңтай еркелей үн қатып. 

– Ал «сен» демей, маған «сіз» десеңіз, бөтен адам сияқтанып кетесіз. 



73 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет