Әдеби KZ
Жатты сұлу шалқасынан керіліп.
Ақ дидарын, аппақ тәнін көргенде
Бойым балқып, кетті сезім еліріп.
Ай секілді маңдайдағы қиғаш қас.
Беттегі мең – сайда жатқан қара тac.
Дем шығарып кеудесінен жұпардай,
Қорғасындай толықсиды қарындас.
Ақ етіне қызыл көрпе басылып.
Көкірегі жатыр екен ашылып:
Діріл қақты уылжыған қос алма,
Қара шашы толқындай боп шашылып.
Күнім туып, бақ жұлдызым жанатын.
Қымтап, шымқап жаным рақаттанатын.
Болсам еттім, әттең дүние-ай, сол көрпе.
Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.
Дәурен қайда маған оны сүйетін ?..
Тым болмаса киімінің киетін,
Не сол көрпе астарының бір сабақ,
Жібі болсам денесіне тиетін!
Не де болса көкіректі жарып шыққан пәле емес пе – осы жаман өлеңсымақ
сол сәтте өзіме жап-жақсы сияқты боп көрінді. Айта берсеңіз осындай өлең
|