10
- әр түрлі функционалды стиль және типтегі мәтіндерді шет
тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен шет тіліне көрнекі ауызша
бірізді
абзацты-фразалық
(аудармашылық
жазбасыз)
аудару
шебірліктері мен дағдыларын меңгеру;
- семантографияны (қысқаша аудармашылық жазба жүйесі)
меңгеру және оны әр түрлі функционалды стиль және типтегі
мәтіндерді шет тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен шет тіліне
көрнекі ауызша бірізді аударманы орындауда қолдана білу;
- ақпараттық және ресми-іскерлік сипаттағы мәтіндерді шет
тілінен қазақ тіліне көрнекі ауызша парақтан аудару шеберліктері мен
дағдыларын меңгеру;
- шет тілінен қазақ тіліне және қазақ
тілінен шет тіліне ілеспе
аударма жасаудың базалық шеберліктерін меңгеру; халықаралық
ұйымдар мен халықаралық конференцияларда ілеспе аударуды
ұйымдастырудың қағидаларын білу;
- ауызша аударманың әр түрлі жағдайларында (туристік
топтарды алып жүруде, іскерлік келіссөздерді қамтамасыз етуде,
ресми өкілдердің келіссөздерін қамтамасыз етуде) аудармашы мінез-
құлқының халықаралық этикеті
мен тәртіптерін;
- іскерлік құжаттардың барлық түрлерін жасау, редакциялау,
рефераттау және жүйелеу; публицистикалық, бұқаралық және басқа да
мәтіндерді; аналитикалық шолу; көпшілік алдында сөз сөйлеу;
аудармашының жұмыс тіліндегі (қазақ тілі, ағылшын тілі) ақпараттық,
мәдени, білім беру науқандарының және т.с.с. сценарийін құру
қабілеттілігі.
Кәсіби практика қорытындысы бойынша студенттер кафедраға
есептерін ұсынады, ол практика
жетекшілерімен тексеріліп, кафедра
меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады.
Есепті қорғау нәтижесі бағалаудың бекітілген балдық-рейтингтік
әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: