И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет43/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде

§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА
Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы оеріледі. 
Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық төсілдің 
бір типі -
грамматикалық формалар. 
Яғни грамматикалық 
мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық 
грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы 
беріледі. Сойтіп, 
грамматикалық форма 
белгілі топтағы 
сөздердің қосымшалар, грамматикалық түлғалар (жалғау, 
жүрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі 
болып табылады да, сол арқылы әр түлғаға сай категориялық
грамматикалық мағына беріледі.
Сұрақ. 
Оқулықтарда грамматикалық форманы анықтағанда
грамматикалық 
мағынаны 
білдірудің 
сыртқы 
жағы, 
грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-
түрге бөлмейді ғой?
Жауап. Рас, осы уақытқа дейін грамматикалық мағына мен
грамматикалық форма деген ұғымдарды әрдайым бір нәрсенің 
ішкі жағы, мазмүны мен сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол
34


мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. “Қандай 
грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық 
формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма 
болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. 
Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмай- 
ды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына бол- 
майды” (Ы. А.-ҚҚТ, 18), “Ті лдегі мағына мен форма, соның ішінде 
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен 
тыгыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы 
болған жағдайда гана грамматикалық мағына жайында сөз ете 
аламыз. Керісінше белгілі бір форманың грамматикалық фор-
ма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық 
мағынаны білдіруі қажет” (А.-ГТН, 16) - деген пікірлер осыған 
дәлел. Бүл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі 
жағы ғана (біреуі ішкі мазмүны, екіншісі сыртқы түрі) деп түсіну 
тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен 
грамматикалық форма) әр уақытта бір-бірімен балама, сай бола 
бермейді. Лексикалық мағынаның абстракцияланып жалпы- 
лануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, 
сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық 
грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз-ақ 
берілетінін жоғарыдан байқадық. Мысалы, тау, тас, үй, көл 
және бала, қыз, әке сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына, 
алғашқы топтағы сөздерде жансыз (нелік) заттар, соңғы 
топтағы сөздерде адамға байланысты (киімдік) заттар мағы- 
насы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ. 
Бірақ бүлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма 
арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері 
болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі 
сөз бен көмекші сөздің тіркесі арқылы, сөздердің қосарлануы, 
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы (инто- 
нация), т. б. арқылы грамматикалық (дүрысында қатыстық 
грамматикалық) мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ.
35


Сондықтан да грамматикалық форма арқылы грамматикалық 
магынаның берілуі дегенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет