Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

реттеуші
және 
нормалау
қызметтерін атқарады. Әдіснамалық 
білім дескриптивті (суреттеуші, бейнелеуші) және прескрептивті (нормалау) 
формаларында көрінеді. 
Дескриптивті әдіснама
– бұл ғылыми білімнің құрылымы мен 
ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыт береді. 
Прескрептивті әдіснама – 
іс-әрекетті реттеуші қызметін атқарады.
Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар: 
-
философиялық 
деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның 
категориялары қарастырылады; 
-
жалпығылыми 
деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады; 
-
нақтығылыми 
деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің 
әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген; 
-
технологиялық
деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. 
Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның 
ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.
Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен 
құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның 
әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол 
құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық 
идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет