Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 153
Құмырсқалардызерттейтінғылым – мирмекологиядепаталады. Осы
мирмекологмамандардыңқұмырсқадайтынбайталаптанып,
қайнағантіршіліктізерттеуінәтижесіндебізгеолартуралыкөптегенқызықтыдеректерб
елгіліболды. Құмырсқажержүзіндееңкөптарағанжәндік.
Әлемдегіеңқұрметтімимекологтардыңбірі Эдвард Уилсонныңесебібойынша,
бүгінжербетінде 10 квадрилиион, яғнионның 15 дәрежесіндейқұмырсқа бар екен.
Жан басынашаққанда, бірадамға миллион құмырсқадан келеді, ал
жалпыүлесібарлықадамныңүлесіндей.
1. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды
көрсетіңіз.
A)Көп, қарақұрым
B)Қаптап кетті, қайнады
C)Нөпір болды, ығы-жығы
D)Қайнаған, қалың
E)Қажырлы, еңбекқор
2.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Жәндіктер туралы
B)Құмырсқалар еңбегі
C)Құмырсқалар достығы
D)Құмырсқалар илеуі туралы
E)Мирмекологтар туралы
Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны
жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй
сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.
Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу
дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін
болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді.
Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.
Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі.
Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың
отаны ‒ Қазақстан!
Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі
адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.
Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін.
Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді,
аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан
гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс
елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.
Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар
оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі»
деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны
«қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен
байланысты өз тарихтары бар.