Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 155
болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен,
фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты
қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.
Гүлмайра . Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен
салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып
шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да:
«Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған
Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп
ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық
фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино
түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар
деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша
жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме
тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын
шығармын!
P.S . Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген
шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман
Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті.
7.Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?
1.Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз.
2.Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды.
3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.
A)Бірінші мен үшінші
B)Барлығы теріс
C)Тек үшінші
D)Барлығы дұрыс
E)Тек бірінші
8.Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы нені білуге
болады?
A)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын
B)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын
C)Фильм көп көрермен жинай алғанын
D)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын
E)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын
9.Берілген мәтіндер не туралы?
A)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы
B)Баян Есентаеваның жетістігі туралы
C)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы
D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы
E)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға
10.Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?
A)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу
B)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні