Зeрттeу материалдары мен әдістемелері Зерттеулердің деректері болып Алматы
облысы, Іле ауданының «Олжас» шаруа қожалығында қой басын іріктеп алу олардың
әдістерін жеке өнімділік есебі (тірілей салмағы, жылдам жетілгіштігі, төлдегіштігі, жүн
түсімі мен сапасы) мен тұқымды саулық отарларының экстерьерлік-конституциялық
сипаты мен өнімділік сапаларына қарай оларға өндіргіш қошқарлар сәйкесінше белгіленді
Қойларды өсірудің экономикалық тиімділігі рационализаторлық ұсыныстар мен жаңа
технологиялар шығару бойынша ауыл шаруашылығында ЕЗЖ және ТКЖ экономикалық
тиімділігін пайдалану әдісімен анықталды.
Fылыми-ізденіс жұмысынан алынған барлық сандық мәліметтер Стьюдент критериін
қолдану арқылы вариациялық статистика әдісімен өңделіп, көрсеткіштердің нақтылығы
Microsoft Excell компьютерлік қамсыздандыру бағдарламасымен есептелді.