Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет50/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеу нәтижелері
Қой шаруашылығы дамыған көптеген елдерде соңғы жылдары 
қой тұқымдары өнім бағытына қарай өзгерді. Бұл өз кезегінде өсіру технологиясына тікелей 
әсер етеді. Мысалы, соңғы жылдары әлемдік қой шаруашылығы нарығында жүн өндіру 
кемісе, етті бағыттағы қой өсіруге сұраныс артып отыр. Сондықтан әлемдік қой 
шаруашылығының тәжірибесінде үлесі 30% бастан жоғары және 32% жас қой еті мен 41-
45% біркелкі жүн беретін етті-жүнді бағыттағы биязы жүнді қойларды өсіру жетекші 
бағытқа айналды. Қой шаруашылығы дамыған мемлекеттерде (Австралия, Жаңа Зеландия, 
Ұлыбритания, Аргентина, Болгария) қой өсіруде жаңа бағыт қарқынды дамып келеді, яғни 
жылдам жетілгіш, көптөлді және жүні өнімділігі жоғары етті-жүнді биязы жүнді қойларын 
өсіру [6]. 
Біз ««Олжас» шаруа қожалығы жағдайындағы қазақтың биязы жүнді қой тұқымының 
жүн сапасын арттыруы зерттелді. Биязы жүн және оның қайта терең өңдеу өнімдерінің 
өндірісі мен экспорты Қазақстанның қой шаруашылықтардың барлық санатында қойдың 
саны 14,7 млн. басты құрады. Қой негізінен Оңтүстік Қазақстан – 22 %, Алматы облысы 17 
%, Жамбыл облысы 13,3 % және Шығыс Қазақстан облысында 13 % 
өсірілді. Республиканың шаруашылықтарының барлық санаттарында 36,4 мың тонна жүн 
өндірілген, ол 2008 жылғы көрсеткіштен 3,3 % жоғары. 
Өндірілген жүннің түрлері бойынша келесідей болды: биязы – 7,8 мың тонна (немесе 
өндірілген өнім көлемінен 22 %), орташа биязы – 4,8 мың тонна немесе 14 %, жартылай 
жуан жүн 4,3 мың тонна немесе 12 % және жуан жүн 18,0 мың тонна немесе 52 %. Бұрынғы 
Одақ ыдырағаннан кейінгі уақытта Қазақстанда ұсақ мүйізді мал басы 35,7 миллионнан 9,5 
миллионға дейін кеміп кеткен. Оның үстіне малдың 80 пайыздан астамы – малды 
толыққанды асылдандыруға мүмкіндігі жоқ ұсақ шаруа қожалықтарының еншісінде. 
Соның салдарынан 15 миллион биязы жүнді қой басы алты еседен астам азайған. Елімізде 
биязы жүн өндіру өндірісі салыстырғанда 8,4 есе төмендеп, бүгінде 7,3 мың тоннаға 
құлдыраған. Асыл тұқымды қойдың жалпы саны 904,1 мың бас болса, оның 26 пайызы ғана 
– биязы жүнді қой.Қойдан қырқылатын жүн бірден қырқым пунктінің басында-ақ мұқият 
бағалаудан өткізіледі, яғни класқа бөлінеді. Жүн сапасын дұрыс бағалаудың негізігі шарты-
жабағының тұтас түсуі. Класқа бөлу әрбір жүн түрі үшін жасалатын мемлекеттік 
стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстанда жүргізілетін жалпы одақтық стандарт өзгеріске түсті, қазіргі уақытта 
жаңа стандарттың талабы бойынша жүргізіледі. Олар: мемлекетаралық стандарттау 
метрология және сертификаттау кеңесі бойынша (№18 хаттама, 18 қазан 2000 жылы) 
қабылданған № 207 ст. Мемлекетаралық стандарт МЕМСТ- 30702-2000 деп өзгерді. 
Бір текті жүн-талшығының ұзындығы және жіңішкелігі бойынша бір текті масса. Ол 
биязы және биязылау деп екіге бөлінеді, бұлардың айырмашылығы талшығының 
жіңішкелігінде (диаметрінде). Биязы жүн өте жіңішке (түбіт) талшықтардан тұрады. 
Жалпыға бірдей қабылданған Брадфорд (Кеңестік) жүйесі бойынша 80,70,64 және 60 сапада 
болады.
Әрбір сападағы жүн талшығы белгілі бір жіңішкелікпен сипатталады: 80-14,5-ден 18,0 
мкм-ға дейін; 70-18,1-20,5; 64-20,6-23,0; 60-23,1-ден 25,0 мкм-ға дейін ауытқиды. Биязы 
жүн жабағысының құрылымы, әдеттегідей, штапельді болады. Анағұрлым кең тараған 
биязылығы қазіргі кезде 64,60, сондай-ақ 70 сапа болып табылады. Биязы жүн меринос 
және меринос емес депте екіге бөлінеді. Меринос жүн-жоғары сападағы жіңішке 
жүн.Жалпы, жүн шикізатының экспорттық балансында да ол бүкіл әлемде бірінші орын 
алады. Мәселен, Австралияда бүкіл биязы жүн экспортқа шығарылады[32,34].
Қырқылған жүн мөлшері, жүн шығымы қойдың жүн өнімділігінің негізгі 
көрсеткіштері. Етті-жүнді биязы жүнді қой шаруашылығында бір қойдан бір жылда 
алынған жүн мөлшері мен оның сапалылығы малдың асыл тұқымдық құндылығын 
анықтауда шешуші роль атқарады. 


34 
Бұл өнімділікті бағыттағы қой жүні біріңғай келеді және ол өтпелі, майлы 
талшықтардан тұрады, қойдың тұқымына байланысты жүн ұзындығы, жіңішкелігі 
қырқылған жүні жөнінен әртүрлі болады. 
Тәжірибеге алынған қазақтың биязы жүнді қойларының жүн сапаларына қарай бір 
текті жұп таңдау әдісі бойынша ұрықтандыру мақсатында олардың әр топтарына бір бастан, 
үш жарым жасар, элита класына жататын аталық қошқарлары пайдаланылды. Оның ішінде: 
I-топқа 12бас, жүні 64 сападағы, II-топқа 36бас, жүні 60 сападағы, III-топқа 15бас, жүні 58 
сападағы қошқарлар тағайындалды. Ұрыққа пайдаланылған барлық үш топтағы аталық 
қошқарлар, осы қазақтың биязы жүнді қой тұқымына арналған минималды стандарт 
талабынан тірі салмақтарының және жүн өнімділіктерінің көрсеткіштері бойынша 
төмендегідей басымдылық көрсетті (1-кесте).
Кесте 1. Аталық қошқарлардың өнімділік көрсеткіштері 
Топтар 

Өнімділіктері, кг. 
Жүн 
ұзындығы, 
см 
Тірі салмақ 
Қырқылған 
жүн түсімі 
Таза 
жүн 
шығымы, 


12 
117,0±2,37 
12,21±0,30 
7,30 
59,8 
10,91±0,31 
II 
36 
119,8±1,23 
12,10±0,18 
6,86 
56,7 
10,42±0,10 
III 
15 
113,3±2,41 
11,31±0,28 
6,31 
55,8 
10,01±0,21 
Бұлар конституциялық типтеріне және өнімділік деңгейлеріне қарай аталған қой 
тұқымы стандартының талабына толығымен жауап береді. Кесте1-і көрсеткіштеріне талдау 
жасағанда анықталғаны, тірі салмақтары мен қырқылған жүн түсімдері бойынша I топ 
қошқары тиісінше -9,0; 3,3 кг. немесе 9,1; 45,2 %; II-топ 7,0; 2,5 кг. немесе 7,2; 38,4 %; III-
топ 14,0; 4,0 кг. немесе13,4; 50,0 % жоғары болды. Біздің тәжірибемізге пайдаланылған 
барлық топтағы таза тұқымды қазақтың биязы жүнді саулықтарының негізгі 
өнімділіктерінің орташа көрсеткіштері, осы қой тұқымының элита класына арналған 
минимальді стандарт талабына толығымен жауап береді (2-кесте). 
Кесте 2. Аналық малдардың өнімділік көрсеткіштері 
Топтар 

Өнімділіктері, кг. 
Жүн 
ұзындығы, 
см 
Тірі салмақ 
Қырқылған 
жүн түсімі 
Таза 
жүн 
шығымы, 


186 
64,5±0,84 
5,08±0,76 
2,55 
50,1 
8,00±0,15 
II 
114 
64,0±0,72 
5,15±0,54 
2,42 
48,9 
8,30±0,14 
III 
97 
63,6±0,56 
5,10±0,63 
2,50 
49,0 
8,10±0,15 
2-і кестедегі біздің сандық мәліметтерімізге қарағанда, жүні I топтағы саулықтардың 
тірі салмақтары мен қырқылған жүн түсімдері өздерінің басқа топтардағы құрдастарының 
көрсеткіштерінен жоғары болып отыр.
Мысалы: I-ші топтағы қойлардың тірі салмақтарының орташа көрсеткіші 63,8 кг 
құрап, қалған құрдастарынан (II, III топ) -0,6; 1,3 және 2,6 кг немесе 0,94; 2,03 және 4,07 % 
жоғары. Әрбір өнімділік бағытында өсірілетін қой тұқымдырын бағалаудағы обьективті 
өлшем бірлігі, оның экономикалық тиімділігі болып табылады және одан өндірілген 
өнімінің еркін баға құрылу жағдайындағы базардың сұранысына байланысты болады.


35 
Кесте 3. Тәжірибеге алынған мал өсірудің экономикалық тиімділігі 
Көрсеткіштер 
Жүн сапсына байланысты 
топтар 
І топ 
IІтоп 
III топ 
Қозыларды енелерінен бөлердегі тірі салмағы, кг 
35,8 
35,2 
34,9 
Ұша салмағы, кг 
16,5 
15,7 
15,0 
1 кг қозы етінің бағасы, теңге 
420 
420 
420 
Қозы етін сатудан түскен ақша, теңге 
6930 
6590 
6300 
1 басқа шаққандағы жүн түсімі, кг 
5,1 
4,7 
4,4 
1 кг жүннің бағасы, теңге 
130 
130 
130 
Жүнді сатудан түскен ақша, теңге 
663 
611 
572 
Барлық өнімді сатудан түскен ақша, теңге 
7593 
7201 
6872 
1 басқа шаққандағы өзіндік құны, теңге 
4685 
4685 
4685 
1 басқа шаққандағы таза пайда, теңге 
2908 
2516 
2187 
Рентабельділігі, %
62,0 
53,7 
46,6 
Экономикалық тиімділік – «Олжас» шаруа қожалығы жағдайында өсірілетін қазақтың 
биязы жүнді қойы тұқымынан өндірілген ет және жүн өнімділігін сатудан түскен жалпы 
кірісті олардың жүн сапаларына байланысты салыстыру арқылы анықталды (3 кесте). Біздің 
келтірілген сандық мәліметтерімізге қарағанда, тәжірибеге алынған барлық топтағы 4-4,5 
айлық қозылардың тірі салмақтары бойынша орташа көрсеткіштері жеткілікті дәрежеде 
жоғары болған, дегенмен де соның ішіндегі І топ өкілдері 36,5 кг құрап, қалған ІІ; ІІІ 
топтардағы өз құрдастарынан 0,7; 1,3 және 1,6 кг немесе 1,9; 3,5 және 4,4 % басым түсіп 
отыр. Ал ІІ–ші топ өкілдерінің тірі салмағы 35,8 кг құрап, соңғы ІІІ топтағы құрдастарынан 
тиісінше 0,6; 0,9 кг немесе 1,6; 2,5 % жоғары. Қозы етін сату кезінде де І және ІІ топ 
өкілдерінен, басқа ІІІ топтардағы құрдастарына қарағанда қомақты ақша қолға түкен, соның 
ішінде І топтан 6972 тг ақша түсіп, қалған ІІ; ІІІ және 42; 382 және 672 тг немесе 0,6; 5,5 
және 9,6 % артық қаржы қолға тиген. Ал ІІ–ші топтан түскен ақша 6930 тг құрап, соңғы ІІІ 
және IV топтағы құрдастарынан тиісінше -340 және 630 тг немесе 4,9 және 9,1 % артық 
қаржы қолға тиген. Сонымен қатар, жүн сату кезінде де І топтан 702 тг ақша түсіп, ІІ; ІІІ 
топ өкілдерінен 39; 97 және 130 тг немесе 5,5; 13,8 және 18,5 % артық қаржы қолға тисе, ал 
ІІ–ші топтан түскен ақша 663 тг құрап, соңғы ІІІ топтағы құрдастарынан тиісінше 52 және 
91 тг немесе 7,8 және 13,7 % артық қаржы қолға тиген. Жалпы, қозы еті мен жүн сатудан 
түскен қаражатқа анықтама беретін болсақ, І топтағы малдардан қолға тиген ақша 7674 тг 
құрап, қалған ІІ; ІІІ топтардағы құрдастарына қарағанда, тиісінше 81; 473 және 802 тг 
немесе 1,0; 6,1 және 10,4 % артық ақша түскен, ал ІІ–ші топ өнімдерін сатудан түскен пайда 
7593 тг құрап, соңғы ІІІ және құрдастарынан тиісінше 392 және 721 тг немесе 5,1 және 9,5 
% артық қаржы қолға тиген. Топ бойынша жалпы рентабельділігі 46,6-63,8 % аралығын 
құраған, соның ішінде І топ көрсеткіші қалған топтардан 1,8; 10,1 және 17,2 % жоғары, ал 
ІІ топтың көрсеткіші соңғы екі топтан 8,3 және 15,4 % жоғары.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарың нәтижесінде, қазақтың биязы жүнді қой тұқымын 
жүн сапасына байланысты селекцияның бір текті жұп таңдау әдісі бойынша алынған 
ұрпақтары, жоғары деңгейдегі ет және жүн өнімділігімен сипатталды. Соның ішінде, 
алғашқы І топ өкілдері, өзінің II; III топтағы құрдастарынан еркектері 4,5; 6,4 және 12,0 %, 
ұрғашылары 2,8; 8,1 және 12,6 % жоғары болды. Ал ІІ–ші топтың тірі салмағы, соңғы ІІІ 
топтағы құрдастарының еркектерінен тиісінше 0,6; 0,9 кг немесе 1,6; 2,5 %, ұрғашыларынан 
0,2; 0,8 кг немесе 0,1; 2,4 % басым. 
«Олжас» шаруа қожалығында өсірілетін қазақтың биязы жүнді қой тұқымының 
негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілерін және кейбір биологиялық ерекшеліктерін 
шыңдастыру барысында жоғары сапалы етті- жүнді ұрпақ алу үшін, олардың жүн 


36 
сапаларына байланысты (селекцияның біртекті (гомогенді) жұп таңдау әдісін мейлінші көп 
қолдану керек.
Қорытынды Қазақтың биязы жұнді қойын жүн сапасына байланысты селекцияның 
біртекті (гомогенді) жұп таңдау әдісі бойынша алынған ұрпақтардың ішіндегі, негізгі 
шаруашылыққа пайдалы белгілері жоғары және мал өсіру аймағына мейлінші жақсы 
бейімделетін алғашқы І және ІІ топтағы малдарды аталған «Олжас» шаруа қожалығында 
өсіру ұсынылады. Арзан да жоғары сапалы қозы етін өндіру мақсатында, 4-4,5 
айлықтарындағы қозыларды енелерінен бөлген кезде етке өткізуді кең қолдану керек 
екендігі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет