Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет78/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

 Кілт сөздер: 
ірі қара, тұқым, желі, ет, азық, іріктеу, етті тұқым, бұқа.
 
 
Кіріспе
Мемлекетіміздің қолдауымен елімізде етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту 
төмендегі бағыттарда жүргізілуі тиіс: қажеттілігіне қарай шет елдерден өнімділігі жоғары 
асылтұқымды етті ірі қара мал әкелу; өнімділігі төмен сиырлар мен қашарларды етті 
бағыттағы асылтұқымды бұқалармен будандастыру арқылы олардың сапасын арттыру; етті 
бағыттағы ірі қара малдың асылтұқымды шаруашылықтарын көптеп құру, өндіріске 
кеңінен енгізу, олардағы өсірілетін мал басын көбейту және тарату; аналық сиырларды 
қолдан ұрықтандыру әдісін ұтымды қолдану; будандастырудан алынған торпақтарды, 
бұқашықтарды, өгізшелерді қарқынды жайып-семірту және бордақылау; етті ірі қара малды 
бордақылап етке өткізу мақсатында заманауи мал бордақылау алаңдарын құру; етті ірі қара 
мал төлдерін азық түрлерімен толығымен қамтамасыз ету, азық қорын құру; етті ірі қара 
мал шаруашылығына қажетті мамандандырылған техника мен арнайы құрал-жабдықтарды 
өндіріске қажеті мөлшерде сатып алу[1,2]. Бордақылауға қойылатын малдың өзіне тән 
қажетті көрсеткіштері бар. Мысалы, ұшасының салмағы шамамен 220-250 кг, жақсы 
жетілген, қоңдылығы, еттілігі жоғары, ұшасының шығымы 55%-дан кем болмауы тиіс.
Кейінгі кезде шет елдерден ет бағытындағы асылтұқымды ірі қара малды сатып алу, 
оларды біздің елге жеткізу АҚШ, Канада және Австралия фермерлері арасында жақсы 
жолға қойылған. Сонымен қатар, өз елімізде де (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және 
т.б. облыстарда) асылтұқымды етті ірі қара малын көбейтіп тарататын репродукторлық 
шаруашылықтар құрылуда[3,4]. Етті ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын дамыған 
елдерде бұл саланы игеру табиғи жайылымдарды кеңінен пайдалану арқылы жүзеге 
асырылады. Мысалы, АҚШ-та еттің 74% жемді мейілінше аз мөлшерде жұмсап, табиғи 
жайылымдарды молынан пайдалану арқылы, ал тек 26% бордақылау алаңдарында 
қарқынды бордақылау арқылы өндіріледі[5,6,7]. Бұл саладағы мал көбіне жайылымда 
жүретіндіктен, олар табиғи жайылымдарды бір тегіс органикалық тыңайтқыштармен 
қоректендіреді, әрі тұяқтарымен желінбей тұрған арам шөптерді таптап, өсірмей тастайды. 


57 
Бұл саланың тез дамуының тағы бір себебі, ол әрі арзан, әрі көп шығын шығармайтын 
жайылым шөптерін пайдалануы, әрі экологиялық тұрғыда таза сапалы ет өндірілінуінде 
болып отыр. Әлемде етті ең көп өндіретін Қытай (78 млн.т) мен Америка Құрама Штаттары 
(40 млн.т). 
Етті ірі қара мал шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі ірі пішімді, салмағы 
ауыр, бойы биік малды қалыптастыру - етті малды іріктеудің перспективалы бағыт екенін 
көрсетіп отыр[8]. Мал шаруашылығының өзгеше бір саласы болып табылатын етті мал 
шаруашылығының бірқатар ерекшеліктері болады. Ет бағытында өсірілетін ірі қара мал 
тұқымдары жартылай шөлейт және далалы, таулы және тау етегіндегі жерлердің, өзен мен 
көл алқаптарының табиғи жайылымдарын тиімді пайдалана отырып, сапалы, экологиялық 
таза, арзан ет береді. Мұнан басқа, етті ірі қара мал мықты және өсірілетін өңірдің табиғи-
климаттық және шаруашылық жағдайларына жақсы бейімделген болуы тиіс.
Бұл сала малды жазғы уақытта да бір жерде қарқынды баға отырып, өнімді мал 
өсірудің әлеуетін барынша пайдаланылатын егіншілікпен айналысатын өңірлерде жоғары 
сапалы сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді. Біздің елімізде сиыр етінің өндірісін арттыру 
ірі қара малдың жас төлін қарқынды өсіру және семіртумен, малды бағу және жемдеу 
технологияларын жетілдірумен, өсірілетін малдың генетикалық мүмкіндігін барынша 
пайдаланумен өте тығыз байланысты. Мал шаруашылығын қарқынды дамыту елдің түрлі 
аймақтарындағы шарттарға сәйкес, жаңа технологияларды әзірлеуге белгілі бір талаптар 
қояды. Осы орайда ет өндірісін ұйымдастыруда қолда бар малды, өндірістік қуаттылықты, 
технологиялық құралдарды, мал азығын, еңбек және басқа ресурстарды тиімді пайдалануға 
негізделген тиімді әдістер қажет[9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет