EKIHUII БОЛМА
бүл
мәселенің шешімін іздестірмей, әдемілеп шетелдің
созімен «комплекс» деп айтады да, қояды.
Комплекстерге белшесінен батқан адам басқа нэрсе ту-
ралы ойлай алмайды. Көзбен көріп,
қолмен ұстатар себеп
болмаса да, өзін кем санайды. ¥ л ы адамдардың бэрінде
комплекс болған. Бірақ олар сонысымен күрескен, жеңген.
Үлы адамның бэрі бай мен бағланның, граф пен патша-
ның баласы емес. ¥ л ы адамның
бэрі Эйнштейндей ақыл-
ды емес. Олардың бэрі Майкл Джордандай спорт жүлдызы
емес. Жэне олардың бэрі Голливуд әртісіндей сұлу емес.
Бірақ, олардың есімдері ұлы тұлға ретінде тарихта қалды.
Өз комплекстерін жеңе білуі оларды ұлылыққа жеткізді.
Ең қызығы, комплексі көп адамдардың жетістікке жету
рейтингі көп. Сенде де кемшілік бар, менде де бар. Өйт-
кені комплекс кемшілікке қарағанда көзге көрініп тира
ды. Менің комплексім орысша акцентпен сөйлейтінім еді.
Ауылда өскенмін. Нина деген магазин сатушы орыс бар,
жалғыз орыс кісі. Оның өзі қазақша сөйлейді. КВН, кино,
орысша әңгіменің бәрін түсінемін. Бірақ сөйлей алмаймын.
Акцент үрып тұр. ¥яламын.
Колледжде оқығанымда, бэрі орысша зуылдап түр, менің
тілім ойқы-шойқы. Жазғанда да сауатым жетісіп түрған
жоқ. Қате жазамын. Содан қалай да орысшамды түзетуге
бел будым. Ол үшін не істемедім десеңші.
Жалғыз кетіп,
орысша мәтіндерді айқайлап оқыдым. Оны тағы тығылып
істейсің. Біреу естіп, көріп қойса ұят. Қате жазбау үшін бір
емес, екі кітапты қатар көшіріп шықтым. Шамиль Аляут-
диновтың дэрістерін тыңдайтынмын.
МРЗ-те музыка бол-
майтын, тек қана Шамильдің лекциялары. Бір жағы руха-
ни демеу болады, екінші жагы орысшамды байытуға эсері
болды.
37
Эрине, бұл мен ойлап тапқан әдістер емес. Бенджамин
Франклин, он
алты балалы отбасында оскен, он жасында
мектептен шығып кеткен адам гой. Жазушы, журналист,
элем таныған тұлғаға қалай айналды? Өмірбаянын оқысаң,
мынаған көзіңіз жетеді. Ол, сауаты шамалы болғандықтан,
өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. Грамматикасын тү-
зеу үшін “Көрермен” (The Spectator) журналының мақала-
ларын көшіріп жазады. Одан кейін осы әдісті өзінің стилін
түзеу үшін пайдаланады. Өлеңді прозаға айналдырып, про-
заны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Солай сауаты мен
жазу машығын шыңдайды.
Брайан Трейси
кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға
мүмкіндік жоқ кезде “тыңдау” керектігін айтады. Осындай
тұлғалардың қолданған әдістері, өзін дәлелдеген, сүйенуге
тұратын тәжірибе.
Достарыңызбен бөлісу: