Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет30/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма

ЕКІНШІ БОЛМА
“онда тұрған не бар екен? Еш жерім кем емес” деген оймен 
ауыстыра аласың. “Тіл білмеймін” дегенді “тез-ақ үйре- 
немін” деген оймен ауыстырасың, комплекске таптырмас 
қазына ретінде қарасаң, сол кезде алға қойған мақсатыңа
жеңісіңе бір қадам жақындайсың.
39


СЫЛТАУ
11/І.ен өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі - ол сыл- 
тау айтпау. Бір іс қолымыздан келіп жаста, «мен істедім», 
«мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, оны жұрттан көру 
біздің қоғамға тэн. Сылтауды орынды-орынсыз болуына 
қарамастан, эркім өте көп сылтау айтады: «ата-анам бай 
емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қалдым» тағы да баска- 
лары.
Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. MEGA Silk 
Way орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын аштық. 
Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы жағы- 
мызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрінді, ал біз- 
де адам аз секілді. Операциялық директорымыз Қарақат 
ханымнан «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» деп сура- 
дым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамханалары 
кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді. Ал біздің 
мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам саны бірдей 
сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің жэне қара- 
мағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамдарын санап 
шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек, біздің «Rumm-де отыз 
сегіз, ал оларда елу адам отыр екен. Сол кезде «неге олар­
да адам көп?» емес, «бізде де адамдардың санын қалайша 
көбейтуге болады?» деген сүрақ туындады. Әріптесім Ай- 
дос мырза кез келген сұрақтың жауабын таба алатын адам. 
«Неге оларда адам көп, біліп келіңізші, Айдос аға» деп, сол 
кофеханаға оны жібердім. Бұл жағдайда, менің «Несіне 
уайымдаймын? Олардың кофеханасы 50 адамға арналса, 
біздің «Rumi» 150 адамға арналған» деп өзімді ақтап ала-
40


ЕКІНШІ БОЛМА
сам болатын еді. Негізі бунда ешқандай «проблема» жоқ, 
бірақ мен оны өзіме өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 
минуттан соң қайтып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың 
қызметкерлері баяу жумыс жасайды, сол үшін 20 минутта 
шығып кетем деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол 
жер жарық екен, сонысы жақсы» деді. Өзіміздің мейрам- 
ханаға қарадық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау 
екен. Сылтау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол 
күні Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу ке- 
рек деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тэртіп 
бойынша, заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті.
Сылтау айтудың кажеті жоқ. Жалпы мен ешқашан сылтау 
айтпаймын, сізді де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау 
туралы үлкен трактат, немесе сылтау айтпаудың жолдарын 
жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге жэне қабылдауға, 
өмірде қолдануға шақырамын, ол - сылтау айтпаймыз.
41




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет