Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет110/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

4.2-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ:
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ОҚУ 
Шығармашылық – қайталанбас құнды нәтиже беретін қиялдан туатын әрекет 
(NACCCE, 1999: 30). Бұл жаңаша ойлауды, проблемалар мен мәселелерге әр 
қырынан қарап, байланыс орнатуды қамтиды. Шығармашылыққа жақын мұ-
ғалімдер жаңалыққа әуес, жұмысын құлшына істейді және білім алуға ынталы 
болып келеді. Олар байланыс орнатып, оқушыларды білім алу барысындағы 
шығармашылыққа баулиды.
Шығармашылықпен оқыту – балаларды тәжірибе жасауға, тәуекелге 
баруға және сәтсіздікке ұрынудан қорықпауға үйрету. Ол оқушыларға тап-
сырмаларды бірлесіп орындауға және оқуды сыни тұрғыдан бағалауға жете-
лейді. Виггинс (2011) шығармашылықты зеріктіретін және нәтижесіз оқумен 
салыстырады. Ол ерте заманнан бүгінге дейін мектептер шығармашылықпен 
оқытуды насихаттай алмады, еске сақтауға негізделген оқуды жөн көрді деп 
санайды.


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
146
Шығармашылық жұмыс процесі мәселе көтеру, байланыс орнату, 
идеяларды зерттеу, нәтижені көз алдына елестетіп, оған сыни тұрғы
-
дан қарауды қамтиды. Шарп (2004: 5) шығармашылықты былай сипат
-
тайды:
„
қиял;
„
өзіндік даралық (жаңа және ерекше идеялар мен өнімдерді ои�лап 
табу мүмкіндігі);
„
өнімділік (дивергенттік ои�лау арқылы әртүрлі идеяларды қалыптас
-
тыру мүмкіндігі);
„
проблеманы шешу (белгілі бір жағдаи�да білім мен қиялды қолдану);
„
құндылық пен оның нәтижесін шығара алу мүмкіндігі. 
Қайталанбас тың ойлар мен туындыларды жұрттың бәрі емес тек 
бірегейлер ғана тудыра алатынын алға тартып, мектепте дара туған 
жандардың бар екеніне күмәнмен қарау оңай. Алайда Боден (1991) 
өзіндік даралықты әртүрлі жолдармен өлшеуге болатынын ескерте 
келе, адам өзінің бұрынғы жұмсаған күш-жігеріне қалай жауап беретіні 
және ол жауапқа оның қатарластары қалай қарайтыны арқылы анық
-
тауға болатынын айтады. Қорыта келгенде, нәтиже қойылған мақсат
-
қа сай, мейлі ол ән, сурет, поэма, мүсін, пазл, би, ой немесе өнертабыс 
болсын, маңызды болып саналуы керек.
Сэр Кен Робинсон шығармашылықты ХХІ ғасырдағы жаңа эко
-
номикалық жағдайға қажет білімнің «генетикалық коды» деп сипат
-
тайды (Buie, 2005). Шығармашылық мәдени және саяси шектеулерге 
ұшырағанымен, әлемдегі экономикалық дағдарыс мектептерде шығар
-
машылық ойлауды дамытудың маңыздылығына баса назар аудартты
(4.3-қосымша).
Шығармашылық энергия мен инновация экономика қажеттілік
-
терін утилитарлық негізде қанағаттандыру үшін ғана маңызды емес. 
Ол әр буынға эмоциялық және интеллектуалдық қанағаттану сезімін 
сыйлайды. Рагг (Wragg, 2005: 193) ауызекі сөйлеу деңгейінде шығар
-
машылыққа баулитын мұғалімдерді «ағымға қарсы» немесе «ағымның 
үстімен» жүретіндер деп атады, бірақ ол қалыптасқан тәжірибе жағда
-
йында мұның қиын болатынын мойындады. Рагг (Wragg): «ойлап табу 
қабілеті мұғалімдердің бәрінде болуы керек», – дейді. Жас мұғалімдер 
еңсеруі тиіс негізгі кедергілердің бірі – тәуекелге баруда өзіне сенімді 
болу. «Қауіпсіз ойнау» – педагогикалық білімі мен тәжірибесі кемшін 
адамдар үшін түсінікті тәсіл. Кремин және басқалар (2009) мұғалім
-
дердің шығармашылықпен айналысатын уеб-сайт жасаушы, сурет
-
ші, бағбан, сәулетші, фотограф, қала салушы, музыкант секілді басқа 
сала адамдарымен бірге жұмыс істеу арқылы өзінің мызғымас ұйқыда 


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет