Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет111/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

4.3-ҚОСЫМША
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
Шығармашылық сенім құндылықтар мен әде
т
-
ғұрыптар арқылы қалыптаса-
ды. Шығыс Азияда конфуцийшілдік басты мәдени ықпал, үнсіздік, бойсұну, 
бағыну, өзін-өзі бақылау және эмоцияға бой алдырмауды негізгі құндылық 
санайды, ал Батыс көзқарасы бойынша, олар шығармашылық ойлауды шек-
тейді, өйткені студенттер беделді адамның ойы мен қалыптасқан ойға күмән 
келтірмейді. Жапон мектептері таныту өнеріне емес, әсер ету өнеріне ден қоя-
ды екен (Kim, 2005). Кейінгі жылдары жапон билігі балаларға жобалық оқыту 
арқылы «өсу бөлмесін» беруді қолға алды (McCreedy, 2004). Қытай басшы-
лары шығармашылықтың жетіспеуі оның жаһандық және саяси күш ретіндегі 
дамуына кедергі келтіретінін мойындайды. Алайда оның мұғалімдерге оқу-
лықтарды таңдауға және оқу бағдарламасын құруға көбірек мүмкіндік беретін 
білім беру саласындағы реформалары, әсіресе шалғайдағы ауылдық жерлер-
де айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Қытай сыныптары емтиханға дайындалу, 
дәріс тыңдау және жаттау секілді оқу әрекеттерімен сипатталады (Lockette, 
2012). Зерттеулер көрсеткендей, Батыс пен Азия студенттері арасындағы шы-
ғармашылық айырмашылықтар этникалық емес, қоршаған орта факторлары 
мен құндылықтарына байланысты. Кван (2001) бұл шығармашылық алшақтық-
ты өзінің 
Why Asians are Less Creative than Westerners
(Неліктен Азия халқы-
ның шығармашылығы Батыс халқынан төмен) деген кітабында сипаттайды 
(Prentice Hall).
Үндістан сияқты елдерде ресурс тапшылығы шығармашылық оқытуға 
үлкен кедергі болып отыр. Алайда Агастия қоры кедей ауылдық жерлерде-
гі миллионнан астам баланың қызығушылығын ояту үшін мобильді ғылыми 
зертханалар ашты. Үндістанның философиялық дәстүріне сәйкес, қоршаған 
ортаға деген қызығушылық өзіне және тұтас адам тұжырымдамасына деген 
қызығушылықпен астасып жатыр. Сингапур табиғи ресурстарының шектеулі 
болуына орай инновацияға бет бұрды. Сондықтан шығармашылық пен сыни 
дағдылар мектеп бағдарламасында басымдыққа ие (OECD, 2013).
жатқан шығармашылық әлеуетін оятқанын айтады. Шығармашылық
-
пен жұмыс істейтін мұғалім қалыптасқан тәжірибе аясынан шыға алу 
қабілетімен ерекшеленеді және идеяларды еш қиналмастан оңай ту
-
дыра алады. Чиксентмихайи (Csikszentmihalyi, 1997) 30 жыл бойы 
жүргізілген зерттеуге сүйене отырып, мектепте шығармашылықты 
дамытудың не үшін қажет екенін түсіндіреді. Жас балалар шығарма
-
шылыққа аса бейім, өйткені олар әлемге пәк, еркін көзбен қарайды. 
Олар өзі қалаған нәрсесіне ден қоюға мүмкіндік болғанда бар ықыла
-
сымен терең бойлауға бейім тұрады. Олар өзіне эмоциялық тұрғыдан 
еш қауіп жоқ екенін сезінгенде, уақытқа көңіл бөлместен оқуға бар 


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
148
ықыласымен еркін кіріседі (Basford and Hodson, 2008). Мектептегі 
шығармашылықты дамытуда жеткен жетістіктері мұғалімді бұл істе 
батылдық керек екеніне сендіруі керек.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шығармашылықты дамыту оқу
-
шылардың ынтасына, ықыласына, еркіндігі мен оқудан ләззат алуы
-
на оң ықпал етеді (Casserley, 2004). Алайда мұғалімдер оқушылардан 
үлкен үміт күтетіндіктен әрі нәтижелері де айқын болғандықтан бұл 
басымдықтар арта түседі. Сыныпта шығармашылық белсенділікті 
арттыру оқушыларға «бәрі де болады» деп оларды бетімен жіберу де
-
генді білдірмейді. Керісінше, жақсы мұғалім «жоғары деңгейдегі шы
-
ғармашылықтың, әдетте жаңалық пен тәжірибе жасауға дайын білім 
мен дағдылардың өзара әрекеттесуінен туындайтынын» мойындайды 
(HMIe, 2006: 6). Шотландия инспекциясы шығармашылық табиғаты 
туралы бірқатар мәселе көтерді (HMIe, 2006: 5–6):
1) Шығармашылық оқу бағдарламасының бір тармағы ма? 
2) Шығармашылық кейбір пәндер мен оқу бағдарламасы тармағы
үшін ғана қолайлы ма?
3) Кез келген тұлға шығармашылыққа бейім бе?
4) Кішкентай балалар шығармашылыққа әлдеқайда бейім келе ме?
5) Шығармашылықтың ойлау қабілеті мен кәсіпкерлікке қандай
қатысы бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет