Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Құштарлық шығармашылыққа жетелейді



Pdf көрінісі
бет109/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Құштарлық шығармашылыққа жетелейді
Құштарлық – бұл көбіне жеке адамдарды жаңа идеялар тудыру
-
ға ынталандыратын күш. Apple компьютерлерінің негізін қалаушы 
марқұм Стив Джобс бір кездері өз қызметкерлеріне былай деген екен: 
«Құштарлығы бар адамдар әлемді жақсы жаққа өзгерте алады» (quoted 
by Gallo, 2010). Ол өз өнімдеріне емес, өнімдерім адам өмірін жақсартуға 
ықпал етеді деген ойға құштар болды. Әдетте құштарлықтың артында 
шығармашылық тұрады. Адам үлкен шығармашылық жетістікке тек 
өзі аса құштар болған салада жете алады. Мысалы, Google бағдарлама
-
шылары жұмыс уақытының 20 пайызын өзі таңдаған тәуелсіз жоба
-
ларын жүзеге асыруға арнайды. Соның нәтижесінде Google поштасы 
мен Google жаңалықтары пайда болды. Компания басшылары «түрме 
лагерінен гөрі ойын алаңына көбірек ұқсайтын» жұмыс ортасын жаса
-
ды (Walker, 2011: 1). Бір мұғалім
 
«уақыт оқудың қандай да бір түріне 
жұмсалуы керек, үй тапсырмасы күнделікке жазылуы керек және оның 
сапасы жоғары стандартқа сай болуы қажет» деген ескертулерін айта 
отырып, идеяның 20 пайызын қолданды. Ол ресурстарды қолжетімді 
етті (пайдалану негізінен өзін ақтайтын болса керек), балалар топта 
жұмыс істеуді таңдап, жобаларын үйде жалғастыра алады:
Мен сыныбымда фильмдер, көліктер, жануарлар, приставкамен 
ойнау, тігу, аспаздық және басқа да қызығушылықтарды қолдандым. 
Балалар кітап, журналдар, уеб-сайттар, нұсқаулықтар, кинофильм
-
дер, көркем әдебиет үлгілерін, бейнелеу өнерінің туындылары мен 
презентациялар дайындайды. Бұлардың ең басты артықшылығы: 
мазмұны өте сапалы.
(www.theguardian.com/teacher-network/2012/oct/04/ 
google-20-percent-time-schools)


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
145
Бірақ шығармашылық ізденістің де өз өтемі бар. Өз табиғатына 
сай ол уақытты, кеңістікті қажет етеді және оны өлшеу немесе бақы
-
лау қиын.
Шығармашылық күрделі ұғым, сондықтан оның анықтамасы көп 
(4.2-қосымшаны қараңыз). Шахин (2012) олардың көпшілігі шығарма
-
шылық адамдарына, шығармашылық процестің аспектілеріне, шығар
-
машылыққа ықпал ететін өнімдер мен қоршаған ортаға қатысты еке
-
нін айтады. Шығармашылық әртүрлі формада болады. Көрнекті «Ш» 
шығармашылығы – бұл ғылым, әлеуметтік ғылым, өнер мен музыка
-
ның шегін үнемі қадағалап отыратын беткеұстар тұлғалардың қоса
-
тын үлесі. Кішкентай «ш» шығармашылығы дегеніміз – адамның тек 
өзі үшін ғана маңызы бар жаңа идеялар мен өнімдерді білдіреді. Мыса
-
лы, егер бала екі түсті араластырып жаңа түс ашса, бұл оның кішкентай 
«ш» шығармашылығы. Басқаша айтқанда, шығармашылық бір жағы
-
нан күнделікті қиял туындылары ретінде қаралса, екінші жағынан оны 
Эйнштейн, Моцарт және Да Винчи еңбектерінен көруге болады. Крафт 
(2000) шығармашылықты қиялмен шектелмейтін кең ауқымды ұғым 
ретінде қарастыру керек дегенді айтады. Ол күнделікті өмірде шешім 
қабылдауға бағыттайтын шығармашылықты сипаттау үшін «ойлау 
мүмкіндігі» терминін қолданады. Яғни «Бұл не және ол не істей ала
-
ды?» деген сұрақтан «Мен мұнымен не істей аламын?», «Ал, егер... істе
-
сем ше?» деген сұраққа ауысуды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет