Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет117/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

метатаным
) және әртүрлі контекстегі ойлауды арна
-
йы тәжірибеде қолданып көру. Бұл топтық талқылауды бағалайтын 
оқытудың әлеуметтік конструктивисті бағытына сәйкес келеді (Wood, 
1998). Түйінін айтқанда, не үйренуге емес, 
қалай
үйренуге баса назар 
аударылады.
Ойлау дағдылары жаңадан пайда болған құбылыс емес. Балалар 
психологы Ревен Фейерштейн Екінші дүниежүзілік соғыстың Холо
-
костынан аман қалған жетім балалармен жұмыс істеу кезінде өз инст
-
рументалды байыту бағдарламасын (FIE) жасады. Фейерштейн бала
-
ларға ойлауды үйрету арқылы олардың ақыл-парасатын дамытуға 
болады деп сенді. Қазіргі таңда ғаламдық сипат алған бағдарламаның 
негізгі бағыты – оқуда қиналатын және мінез-құлқы бұзылған бала
-
лар. FIE-нің ауқымды бағалаулары ең алдымен бейвербал шаралардың 
оң әсер ететінін көрсетті (McGuinness, 1999). Шотландияның шеткері 
мектептері FIE көмегімен шағын зерттеу жүргізіп, балалардың жалпы 
сенімінің, өзіне деген сенімінің артқанын және қабылдау қабілетінің 
жақсарғанын айтқан (Soden 
et al., 
2006).
Үкімет 1990 жылдардан бастап «ойлау дағдыларын» оқу бағдар
-
ламасына енгізіп, мектептерге көмекші материал үшін көп қаражат 
бөлді. Мысалы, Солтүстік Ирландия (NI) оқу бағдарламасы уеб-сай
-
тында ойлау дағдыларын дамытуға ұмтылатын мұғалімдерге көп
-
теген практикалық ресурстар, оның ішінде әңгіме кітаптар, «ойлау 
карталарын», плакаттар, тақта ресурстары мен мұғалімдерге арнал
-
ған тренингтер ұсынды (www.nicurriculum.org.uk/TSPC). 
Education 
Scotland
уеб-сайтында мектептердің Powerpoint, case study үлгіле
-
рі, сараптамалық бейнематериалдар, сондай-ақ оқу бағдарламасы 
бойынша ойлау дағдыларын жетілдіру жолдарын көрсететін құ
-
жаттармен танысуға болады (www. Educationatiuonscotland.gov.uk/
resources). Ал Уэльсте ойлау дағдылары негізгі дағдылар аясында қа
-
растырылып (DCELLS, 2008b), ол жайында егжей-тегжейлі нұсқаулар 
берілген (WAG, 2010). Алайда инспекция жүргізген бағалау ойлау дағ
-
дыларын дамытудың аса сәтті жүргізілмегенін, тек біраз мектептер


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет