Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет114/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Шығармашылық және ойлау
Шығармашылықтың негізгі сипаттарының бірі – іс жүргізудің әртүр
-
лі жолдарын қарастыру. Оны әрқалай атап жүрміз: «ойлау мүмкіндігі», 
«дивергентті ойлау», «қалыптан тыс ойлау», «ұшқыр ой», «перцептивті 
ойлау» немесе қарапайым «шығармашылық ойлау». Бұлардың арасын
-
да аздаған айырмашылық болғанымен, олар әлемді әртүрлі көзқарас 
тұрғысынан көруге, түсініктерді ұғындыруға, түрлі болжамдар жасауға 
және жаңа шешімдер іздеуге жетелейді. Дивергентті ойлау ойды мета
-
фора, аналогия және рефрейминг арқылы жеткізуге тырысады. Мысалы, 
балалардан «беске бесті қосқанда қанша болады?» деп сұраудың орнына 
«Қандай екі санның қосындысы 10 болады?» деп сұрауға болады.
Баланы дивергентті ойлауға ерте жастан үйретудің маңызы 
зор, себебі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, есейе келе балалардың 
бұл қабілеті бәсеңдей береді екен. Осы секілді 5–10 және 15 жастағы 
балалардан шығармашылық тестілері алынғанда, 5 жастағы бала
-
лардың 98 пайызы «данышпандық» деңгейге жеткен, ал 10 жаста
-
ғы балалардың көрсеткіші 32 пайызға төмендесе, жасөспірімдердің 
деңгейі бар-жоғы 10 пайыздыды көрсеткен (Land and Jarman, 1992).
Ұлттық сауаттылық қорының уеб-сайты 2005 жылы Біріккен
Корольдікте жүргізілген зерттеу нәтижелері де осыған ұқсас бол
-
ғанын жазады. 3–5 жас аралығындағы 1 600 баланың 98 пайызына 
дивергентті ойлау тән екені белгілі болған. 8–10 жаста бұл көрсет
-
кіш 32 пайызға дейін төмендеп, ал 13–15 жастағы балалардың тек 
10 пайызы ғана қалыптан тыс ойлауға бейім болатыны анықталған.
25 жастағы 200 000 адамның тек 2 пайызы ғана дивергентті ойлай ал
-
ғаны көңілге алаң ұялатады (www. literacytrust.org.uk).
Ойлау дағдылары пәні бүкіл әлемде үлкен қызығушылық тудыр
-
ды. Үкімет те, жұмыс берушілер мен білім беру мекемелерінің маманда
-
ры да мектеп жүйесі балалар мен жастарды ХХІ ғасырдың еңбек нарығы


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
153
мен өміріне дайын қылып шығармайтынын мойындайды. Мектеп
-
тер цифрлы өмір салтының қарқынына, экологиялық проблемаларға 
және жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін инновацияларды енгізу 
сияқты маңызды әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге төтеп беруге 
тырысып отыр. Мектеп жүйесін қалай озық ету туралы халықаралық 
деңгейде өткен дөңгелек үстелде Майкл Барбер оқу бағдарламасын да
-
йындаудың келесі формуласын ұсынды:
Жақсы білім = Э (Б + О + К)
Мұндағы «Б» әрпі – білім, «О» – ойлау, «К» – көшбасшылық (жеке 
және ұжымдық) және «Э» – этикалық негіз дегенді білдіреді (МакКинси - 
ден алынды, 2009: 12). Білімді меңгертуден ойлау мен көшбасшылық 
дағдыларды дамытуға ауысу Сингапур мен Альберта, Канада сияқты ел
-
дердің білім беру жүйелерімен үйлеседі, олар шығармашылық пен сыни 
тұрғыдан ойлауға негізделген оқу бағдарламаларын жасауға тырыса
-
ды. Тиімді оқыту ойлау дағдыларын дамытумен қатар пән мазмұнын да 
қамтиды, егер олар болмаса, оқушылар өз әлеуетін пайдалана алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет