Шығармашылық
ізденістегі мұғалімдер
154
оны талдап, жалпылап, содан кейін барып бағалауға көшуі керек деген
тұжырымға негізделген. Блумның еңбегін кейіннен өзінің бұрынғы
студенттері мен әріптестері жаңғыртты (Anderson and Krathwohl, 2001;
4.1-кестені қараңыз). Жаңғыртылған таксономия зат есімдерден гөрі
етістіктерді қамтиды және жоғары деңгейдегі үш ойлау дағдысының
бірі ретінде (синтездеуді емес) тудыруды көрсетеді.
Блумның үздіксіз ықпалын Шотланд Педагогикалық мектебінің
оқу бағдарламасындағы ойлауды оқыту жоспарынан көруге болады
(Bloomer and McIlroy, 2012). Алайда Ричхарт және басқалар (2011)
шынайы өмірде ойлау Блум таксономиясы
ұсынғаннан әлдеқайда
құбылмалы екенін көрсетті. Сурет салып отырған бала білімін екі
түсті бояуды араластыру үшін, нәтиже өзі күткеннен
басқа болып
шыққанын бағалау үшін немесе оны қойып, басқа сурет салу үшін
пайдалануы мүмкін. Басқаша айтқанда, ойлау тәсілдерінің арасында
ілгері және кейін бағытталған қозғалыс болады, бұл оқуға апаратын
жол. Білім – дағдыларға негізделген тұғыр. Адам күнделікті ойлау
-
дан басқа өзара байланысты дағдыларды да пайдаланады.
Осыған орай, таксономиялар мұғалімдерге әртүрлі
оқушылар
-
мен жүргізілуі қиынға соғатын жұмысты ұйымдастыруға көмектесе
-
ді (4.4-қосымша). Сонымен қатар олар
дамуды жоспарлауды жоғары
Достарыңызбен бөлісу: