Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


ОЙТҮРТКІ Сіз Ұлы мәртебелі королева инспекциясы қойған бес сұраққа қалай жауап бе- рер едіңіз? Оқу бағдарламасындағы шығармашылық



Pdf көрінісі
бет112/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ОЙТҮРТКІ
Сіз Ұлы мәртебелі королева инспекциясы қойған бес сұраққа қалай жауап бе-
рер едіңіз?
Оқу бағдарламасындағы шығармашылық
Білім берудегі шығармашылықтың салыстырмалы түрдегі маңыз
-
дылығы кейінгі жылдары жиі талқыланып жүр (Fisher and Williams, 
2004; Grainger and Barnes, 2006; Craft, 2011). Англияда бұл көбіне
Мемлекеттік оқу бағдарламасының дәйекті үлгілеріндегі кемшілік
-
терге қатысты айтылған пікірлер түрінде болды. 90-жылдардағы оқу 
бағдарламасы мазмұны жағынан тым ауқымды болды, ал сауат ашу 
мен арифметика сабақтарының құрылымы мұғалімдерге балалардың 
шығармашылығын дамытуға жеткілікті деңгейде мүмкіндік бермеді. 
Клеггтің (1999) пікірінше, нақты бір себептерге байланысты формалды 
білім беру жүйелері адамның шығармашылық қабілетін дамытпайды.


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
149
Жүйелердің көбі бекітілген оқу бағдарламасын белгілі бір уақыт ара
-
лығында өтуге мәжбүр. Асыра шығармашыл болу бұл жүйеге тек кедер
-
гі келтіреді. Мұғалімдер конформистік мәдениеттің талаптарына сай 
болуға баса мән береді. Сондықтан мектептер басқа шара қолданбаса 
шығармашылық әрдайым екінші орында қала береді. 
Англияда 2014 жылы енгізілген соңғы Мемлекеттік оқу бағдарла
-
масы шығармашылықты әлі шектеп отырғаны үшін сынға ұшырады. 
Мәселен, «ағылшын тілін оқытуда грамматикаға, емле мен тыныс бел
-
гілеріне тым көп көңіл бөлінген» дейді сыншылар. Балалар жазушысы 
Салли Гарднер жалаң жаттау арқылы жазуға үйретуді ұсынатын үкі
-
меттік оқытуды қолдамайтынын айта келіп, оның «асау ақылға тұсау» 
болатынын айтады (Garner, 2013). Бір топ ғалым «The Telegraph» (2013 
жылдың 20 наурызы) сайтына жазған хатында оқу бағдарламасының 
шығармашылық ойлауға емес, жалаң жаттауға негізделгеніне наразы
-
лық білдірді. Жазушы әрі фотограф Роджер Мавити (2013) кең тарал
-
ған пікірлерді былай қорытындылады:
Егер біз империя, қара қалпақ және Док Гриндік Диксон заманын
-
да өмір сүрген болсақ, Гоувтың дәстүрлі жолға деген қалтқысыз құрме
-
ті оң бағаланар ма еді? Бірақ қазір заман басқа. Жаһандану мен жылдам 
қарым-қатынас өріс алған жаңа заман үшін шығармашылық пен идея 
басты құндылықтар қатарында. Бұл құндылық мәдени тұрғыдан ғана 
емес, қаржылық жағынан да маңызды.
Осындай сынға қарамастан, Майкл Гоув мектептегі шығармашы
-
лықты қолдайтынын айтты. Келіспеушілік шығармашылықты анық
-
тау жолдары мен оны қалай дамыту керек деген мәселелер төңірегін
-
де болды. Гоувтың пікірінше, бала өз қабілеттерін көрсетпес бұрын, 
негізгі білім мен дағдыларды меңгеруі керек. Мысалы, ол математика 
жайында «егер балалар осы білім қорымен таныспай, сандарды еркін 
пайдалануды білмесе, көбейту, бөлу амалдарын автоматты процеске 
айналдырмаса, математиканы шығармашылықпен қолдана алмайды» 
деді (cited by Robinson, 2013).
Кен Робинсон және тағы басқалар бұл тұшымды ой болғанымен, 
шынайы өмірдің басқаша екенін айтады. Шығармашылық – бұл адам
-
дар таланты мен қабілетін әртүрлі мағынада қолданатын жеке дара 
процесс. Шығармашылық жұмыс негізгі ұғымдар мен дағдыларды тү
-
сінуді қажет етсе де, бұл бір сызықтың бойымен жүретін процесс емес. 
Басқаша айтқанда, үнемі білім алуға, жеке дағдыларды дамытуға ден 
қоя бергеннен креативті ойшыл пайда болмайды.
Англиямен салыстырғанда Біріккен Корольдіктің басқа аймақта
-
рының оқу бағдарламасында шығармашылыққа елеулі орын беріл
-
ген. Уэльсте «шығармашылықты дамыту» бүлдіршіндерге арналған


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
150
«оқытудың дискретті фазасы» (3–7) ретінде сипатталады. Онда мұға
-
лімдер іште де, сыртта да балалармен күнделікті сенсорлық тәжірибе 
жүргізе отырып, олардың білуге, үйренуге деген қарапайым қызығу
-
шылығын дамытады. 2-негізгі кезеңге арналған оқу бағдарламасы 
мектептерге жоспарланып, ұйымдастырылатын оқу үрдісін «барын
-
ша тиімді» пайдалануға, сонымен қатар ойлау дағдыларын дамытуға 
жеке басшылық етуге мүмкіндік береді (DCELLS, 2008a; WAG, 2010).
Солтүстік Ирландияда шығармашылық қабілет «ойлау дағдылары мен 
жеке қабілеттер» аясында қарастырылса, ал шотландиялық балалар 
өз шығармашылық идеялары мен дағдыларын оқу бағдарламасының 
шеңберінде дамытуға тиіс. Шығармашылықты жеке пән емес, процесс 
әрі күй деп қарастырған қисынға келеді (Wyse, 2013).
Мұғалім шығармашылыққа қатысты біраз мифтен арылғаны жөн. 
Шығармашылықты ерекше қабілетті, талантты адамдарға ғана тән 
деп шектеуге болмайды (4.2-сызба). Ол өнермен шектелмеуге тиіс. Со
-
нымен қатар шығармашылық «өзін-өзі көрсету» де емес. Бұл мифтер
-
дің кері ықпал ететіні соншалық, балалар оқуды қойып, оқшауланып, 
өмір бойы бос сенделіп, өз құқығын қорғаудан қалуы мүмкін. Мысалы,
Англиядағы ересектердің төрттен бірі математикадан 10 жасар бала
-
ның деңгейін көрсетеді (Ramesh, 2013). Ересектердің көпшілігі сандар
-
дың сиқырын көрмейді, өйткені олар да балалар секілді мектептің жа
-
лаң жаттауға негізделген ережелеріне шырмалған. Алайда математика 
да шығармашылыққа толы пән бола алады. Кейбір мұғалімдер оқу бағ
-
дарламасының шеңберінен шығып, балаларға заттардың санын, пішіні 
мен заңдылықтарын зерттеуді үйрету арқылы математикаға деген сү
-
йіспеншілігін оятады. Олар математиканы шығармашылықпен оқыту 
әрі пәннің өзектілігін көрсету үшін балалардың дене мүшелерін, ойын
-
шықтарды, үстел ойындарын, серуенге, саяхатқа шығуды, драмалар
-
ды, спортты, арнайы жобаларды, зерттеулерді, табиғи орта мен техно
-
логияларды қолданады.
Шарп (2004: 8) атап өткендей, кез келген мұғалім мына әдістерді 
қолдана отырып, шығармашылықты дамыта алады:
„
ашық сұрақтар қою;
„
екіұштылыққа жол беру; 
„
шығармашылық ои�лау мен мінез-құлықты модельдеу;
„
эксперимент пен табандылықты дамыту;
„
тосын жауап берген балаларды мадақтау.
Балалар да, жастар да өз шығармашылық қабілеттерін дамытқысы 
келеді. 2008 жылы олар өз мақсатын «Шығармашылық Британия үшін 
манифест» аясында дайындалған 
Tate Modern 
және 
Creative Partnerships


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
151
жобасы арқылы жүзеге асырды. Манифест мектептерде шығармашы
-
лыққа көбірек көңіл бөлінуін, музыкалық аспаптар мен бояулар сияқ
-
ты ресурстардың әрдайым қолжетімді болуын, тәуекелге баруға және 
жаңа нәрселерді сынап көруге мүмкіндік жасалуын; шығармашылық 
салаларға енуге баулу жұмыстарының жүргізілуін және оқу пәндері 
оқушылар өміріне көбірек сәйкес келуі үшін оқу бағдарламасының 
қайта қарастырылуын насихаттады.
Егер мұғалім мен мектеп баланың шығармашылығын жетілдіргісі 
келсе арнайы шығармашылыққа баулитын бағдарламаларды даярлау
-
дың қажеті жоқ (Jones and Wyse, 2013). Қайта олар әр баланың басты 
құқығы өз ойы мен сезімін, мейлі, ол поэзия, не музыка, математика
-
лық мәселелерді зерттеу, кескіндеме өнері, компьютерлік анимация
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет