Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
160
лардың «құлақ күйін келтіру» кезеңі мұғалімдердің балалардың қа
-
былдауы мен ойлауына ден қоймас бұрын, оларды байқауы, тыңдауы,
мадақтауынан немесе түсіністік танытуынан басталатынын айтады.
Даму кезеңі сұрақ қою, модельдеу, шынайы әлемге ену және балалар
-
ға ойлануға уақыт беруімен сипатталады. Бұл ашық түрде ой тастауға
ұласуы мүмкін. Шығармашылық кезеңде мұғалімдер балаларды ер
-
кіндікке, түйсік пен қиялға берілуге ынталандырады. Олар балаларға
жаңа нәрсені үйрену жолында қателіктердің болатынын айтып, түсі
-
ніксіз нәрселерді түсіндіреді. Қорытынды рефлексия кезеңі пікірталас
пен өзін-өзі бағалаудан тұрады.
Ойлаудың табиғи сипаты «жасырын» әрі дербес болады. Алайда
кейбір авторлар оқушылар өз ойлау қабілетін қалай жақсартқанын
«көруі», «естуі» үшін ойлауды көрінетін, дыбысталатын әрі естіле
-
тін ету идеясын көтеруде. Ресейдің көрнекті когнитивтік психологі
Выготский (1962) «іштей сөйлеуді» (өзімен-өзі сөйлесу) ойлауды рет
-
теудің маңызды құралы ретінде анықтады. Жас балалардың маңыз
-
ды шаруаға беріле кіріскенде дауыстап сөйлеп кететіні жиі кездесе
-
ді. Іштей сөйлеу – сыныпта жеткілікті деңгейде пайдаланылмайтын
Біз Британиядағы римдіктер туралы оқимыз
Достарыңызбен бөлісу: