Инклюзив практиканы дамыту
411
«барлық мұғалім білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушылардың
мұғалімі» болып саналады деген міндеттемені қайта-қайта ескертіп
отырады.
Үш ғасыр уақыт өткен соң, мүгедектік мәселесі тарихтың көлеңкелі
қойнауынан шығып, саясат пен білім беру саласының тақырыбына ай
-
налды. Бұл өтпелі кезең 10.1-кестеде мазмұндалған инклюзия туралы
түрлі идеологиялық перспективаларды көрсетеді.
Қазіргі уақытта инклюзия денсаулық, ахуал, кәсіптік оқу және жұ
-
мысты қамтитын ауқымды әлеуметтік саланың бір бөлігі болып сана
-
лады. Осы тұрғыдан алғанда, мүгедектік әлеуметтік құрылым ретінде
көрінеді және жеке тұлғаның жағдайына мән беруден гөрі, қоғамның
әрбір адамға ортаны қалай қалыптастыратыны маңызды (Hickman and
Jones , 2009).
Бұл медициналық саланың ықпалын жоққа шығару емес. Тіпті бір
апталық нәрестелердің өзі арнайы дамытуды қажет етіп тұрады. Жал
-
пы шала (мерзімінен ерте) туған он нәрестенің сегізі кейін білімді қиын
меңгеретін болады, ал он баланың екеуі ауыр мүгедектікке шалдыға
-
ды. 10 жыл бұрын ғана олардың көбісі шетінеп кеткен болар ма еді, ал
қазір олар өсіп, оқу жүйесіне қабылданады (Gilbert, 2010). Медицина
-
лық көзқарас та дислексия туралы пікірталас тудырады. Льюис (2001)
егер «медициналық» көмек жасалса, кейбір ата-аналар мен мұғалімдер,
балалар оқудағы қиындықты жеңіл «қабылдайтынын» айтады. Егер
дәрі-дәрмектер белгілі бір «жағдайға» негізгі дәрі ретінде тағайында
-
латын болса, фармацевтикалық компаниялар пайдаға кенелетінін де
айтады. Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромын (ADHD)
емдеу шарасына риталин пайдалану – даулы мәселе. Уелком Трасттың
биоэтика зерттеушісі Сингх (2012) дәріні қабылдаушы балалардың көбі
препараттың шешімдерін қадағалауға мүмкіндік беретіні үшін жоғары
бағалап тұтынатынын анықтаған. Сингх мұны дәрімен емдеу емес, на
-
ғыз стигма деп атады. Білім берудің гуру маманы Кен Робинсон сияқты
басқа ғалымдар мектептердің (Америкадағы) риталинді алуға дайын
екеніне күмәнмен қарайды (Қараңыз: ‘Changing Education Paradigms’,
available on www.youtube.com).
Достарыңызбен бөлісу: