Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет342/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Ерекше білім беруден инклюзивке 
Біріккен Корольдіктегі ерекше білім беру алғаш рет зағип балалар
-
ға арналған мектептердің ашылуынан бастау алады. Мысалы, ХVIII ға
-
сырдың соңында Ливерпуль, Единбор, Бристол мен Лондонда ашылды 
(Pritchard, 1963). Өте ауыр жағдайдағы «физикалық дәрменсіз» және 
«психологиялық ауытқуы бар» балалардың біразына арналған жеке 
институттар болды, бірақ олардың көбі жұмыс орындарының, уақытша


Инклюзив практиканы дамыту 
406
баспаналар мен үйлердің және бастауыш мектептердің жанынан құ
-
рылған болатын. Үкімет ерекше білім беруді 1890 жылдан қолдай бас
-
тады. 1918 жылы «мүгедек және эпилепсиямен» ауыратын балаларға 
міндетті білім беру туралы заңнама қабылдады. 
1944 жылғы «Білім беру» туралы заңның «Білім баршаға ортақ» 
ұранымен балалардың түрлі білім алу қажеттіктері анықталды. Бұл 
Заң кез келген білім алушы баланың оқуына мүмкіндік беріледі деген 
қағиданы қалыптастырды. Баланың білім алу қабілетіне қатысты мә
-
селе туындаған кезде, ата-ана оларды дәрігерлік тексеруден өткізуге 
міндетті. Білім алуға қабілеті төмен балалар медицина органдарының 
жауапкершілігіне беріледі. 1945 жылғы Білім беру туралы (Шотландия- 
ның) заңына сәйкес Шотландияда осыған ұқсас шаралар енгізілді.
Англия мен Уэльстегі 1945 жылғы мүгедек оқушылар және мектеп жа
-
нындағы денсаулық сақтау қызметіне арналған регламенттерге сәйкес 
мүгедектіктің он бір санаты жасалды: зағип, жартылай көретін, саңы
-
рау, жартылай саңырау, нашар еститін, диабетпен ауыратындар, білім 
беру тұрғысынан субнормальды, эпилепсиямен ауыратындар, бейім
-
делмеген, физикалық тұрғыдан дамымаған және тілінде мүкістігі бар 
балалар. Бұл ережелер зағип, саңырау, эпилепсия, физикалық дамыма
-
ған және афазиялық (қарым-қатынаста проблемасы бар) балалардың 
арнайы мектептерде білім алуын реттестірді. Басқа мүгедек балалар 
тиісті тексеруден өткен болса, қатардағы мектептерде оқи алатын 
болды. Сол уақытта мектеп оқушыларының 17 пайызға жуығы ерекше 
білім беру «емшарасын» қажет етеді деп саналды (Wearmouth, 2012). 
Шындығында, қатардағы жалпы мектептердегі мұғалімдердің көпшілі
-
гі мүгедек балаларды оқыту арнайы мектептердің жұмысы деп санады. 
Бұлай бөліп жарып қарау 1960–1970 жылдары адам құқығын қор
-
ғау қозғалысының шет қалған топтардың ісін көтергенге дейін жал
-
ғасты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды бөлектеп оқыту жүйесінің әлсіз 
тұстарын болжап, бұған көңілі толмаушылар да болды. Мәселен, оқу
-
шылар арнайы мектепте стигматизация көреді және ол мектептердің 
жетістігі қатардағы жалпы мектептерден артта қалып қояды деп уәж 
айтты (Hodkinson and Vickerman, 2009). Оған қоса, 11+ (бастауыш мек
-
тепті бітіргенде тапсыратын ауд.) емтиханын тапсыру нәтижесіне қа
-
рай, оқушылар жалпы орта мектеп, техникалық немесе дарынды бала
-
ларға арналған мектепке іріктелетін үш жақты жүйеден туындайтын 
теңсіздікке қатысты келіспеушіліктер болды. Нәтижесінде, 1970 жыл
-
дары жалпы білім беретін орта мектептер орта білім жүйесін барлық 
балаға қолжетімді етіп қабылдай бастады, алайда Солтүстік Ирландия 
мен Англияның кейбір қалаларында іріктеу сақталынды.
Британиядағы мүгедек балалардың жағдайына қатысты мүмкін
-
діктер теңдігін талап етуші контекстегі шолу Уарнок баяндамасында 


Инклюзив практиканы дамыту 
407
жарияланды (1978). Бұл бұрынғы бағдар мен ұстанымдарды өзгер
-
тетін ерекше білім беру қажеттілігі туралы тұжырымдаманы енгізді. 
Осы арқылы жеке жағдайларды ерекше қарастыра отырып, мүмкіндігі 
шектеулі балалардың мәселесі медицина саласынан алынып, әлеумет
-
тік және білім беру саласына берілді. Әсіресе жалпы орта білім беретін 
мектептер мүмкіндігі шектеулі оқушылардың құндылықтары, қызы
-
ғушылықтары мен сенімдеріне қарай жұмыс істеуде өте маңызды рөл 
атқарды. Мұғалімнің пайымдауынша, оқушылардың 20 пайызы басқа 
қатарластарына қарағанда оқуда қатты қиналатын болған деп санал
-
ды. Уарнок баяндамасы олардың көбі қатардағы жалпы орта білім бере
-
тін мектептерде орындалады және құқықтық қорғауға алынады деген 
ойды алға тартты. Бұл медицина саласының мәселесі емес, әлеуметте
-
нуге жатады. 
1980 жылдардың басынан бастап Біріккен Корольдік пен Халық-
аралық заңнамалар білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалардың 
жалпы орта білім беретін мектептерде оқу құқығын қуаттап келеді 
(10.1-қосымша). Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі 
конвенциясы (БҰҰ, 1989) және Саламан декларациясы (ЮНЕСКО, 1994) 
жалпы орта білім беруде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет