Инклюзив
практиканы дамыту
413
рінің атып түсіру оқиғасы қыздардың білім алуға жалпы ортақ құқы
-
ғының заманауи символы болды (Yousafzi and Lamb, 2013). Көптеген
дамушы елдерде қыз балалар мектепке барудың орнына жұмыс істеп
жүреді. Қымбатшылық, дискриминация, кедейлік және соғыс әлемдегі
100 миллионға жуық баланың білім алуына кедергі келтіріп отыр, оның
60 пайызы қыз балалар (
The Independent,
5 September 2005). Мектепке
тұрақсыз бару немесе мүлдем бармау Біріккен Корольдікте де күрделі
мәселеге айналып отыр. «Looked After Children, Travellers’
Children және
School Age Mothers» сияқты нақты топтарға инклюзивті бағдарлама
жасалды. Солтүстік Ирландиядағы соңғы бір зерттеуде сабаққа қатысу
жүйесі кең таралғанын және сабаққа жақсы қатысқаны үшін қаламсап,
сабаққа қатысудың ең үздік көрсеткішіне топпен шағын саяхат және
сертификат секілді кішігірім сыйлықтар
мен марапаттаулар беріле
-
тінін мәлімдейді (DoE, 2012). Игілікті білім беру қызметінің араласуы,
ата-аналармен мықты байланыс, таңғы ас клубтары және сабақтан ке
-
йінгі іс-шаралар ең тиімді стратегиялар қатарына жатады.
Соңғы жылдары психологтар мектеп фобиясы туралы жиі айтылып
жүргенін байқаған (Tickle, 2009). Қазірден мектеп фобиясы немесе мек
-
тепке баруға қарсылық әрбір жиырмасыншы балада кездеседі. Бас айна
-
лу, құсу, шаршау, мазасыздану симптомдары ересек кезеңге де өтуі мүм
-
кін. Бір бала айтады: «Менің мектеп ғимаратына аллергиям бар. Өзіме
қол жұмсау немесе әлдеқандай басқа қадамға бару ойымда жоқ, алайда
мектепке барғым келмеді. Мұны мен істей алмайтын сияқтымын, аяғым
жұмыс істемейді және бұл менің ығырымды шығарды» (McVeigh ішінде,
2008). Мектеп білім жүйесіне немқұрайлы, тіпті жеккөрінішпен қарай
-
тын ата-аналармен және наразы оқушылармен қарым-қатынас орнату
-
да, түрлі қиындықтармен күресіп келе жатқанын бағаламай кету мүмкін
емес. Жалпы орта білім беретін мектептің біріне жүргізілген зерттеуде,
наразы оқушылармен сәтті байланысты қайта орнатқан мектептер оны
оқушылардың талабын сақтай отырып, координациялық қадаммен ме
-
кемеаралық қызметтер арқылы жасаған (OFSTED, 2008a).
Білім беру стандарттары басқармасы (2006)
оқуда қиындықтары
бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың (LDD) үздік прогресс жа
-
сауына мүмкіндік беретін сипаттамаларды анықтады: адамгершілік
қасиет, мықты мамандар, нақты кәсіби даму. Инспекция оқуда қиын
-
дықтары бар және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (LDD) білім беру,
жалпы оқыту сапасы төмен болмауын тексеріп отырады. Дегенмен жо
-
ғары білімді, тәжірибесі мол маман-мұғалімдер оқушылардың қажетті
-
лігі күрделі болған кезде, оны қалай дұрыс бағалау мен жоспарлауды
жақсы білді. Оқуда қиындықтары бар және мүмкіндігі шектеулі оқушы
-
ларды (LDD) оқытуда, тәжірибесі аз мұғалімдер әдетте әлеуметтенуге
өте көп көңіл бөліп кетуі мүмкін.
Инклюзив практиканы дамыту
414
Оқушылардың талабын орындауда мұқият жоспарлап алудың ма
-
ңызы зор екені көп айтылады. Тәжірибелі
мұғалімдер сыныптағы әр
баланың талабына сай жұмыс жүргізеді және сабақты бәріне бірдей
бере алады. Ричардс пен Армстронг (2011) мұғалімдерге сабақ жос
-
парын ерекше білім беру қажеттіліктері деп бөлмеу керектігін ескер
-
ту үшін «оқушылар қауымдастығы» идеясын пайдаланды. Авторлар
«Білім беруде ерекше қажеттілігі бар» (SEN), «Дарынды», «Ағылшын
тілі қосымша пән ретінде» (EAL) сияқты түрлі топтарға арналған дәс
-
түрлі жоспарлау әдісі оқушылардың жеке талаптарын орындауда нәти
-
жесіз екенін айтады. Олар түрлі стратегияларды, әсіресе өте маңызды
алуан тұжырымдамаларды пайдалана отырып, командалық оқыту, ара
-
лас топпен оқыту әдістерін қолдайды.
Көру мен есту қабілеті нашар жағдайдағы кешенді қажеттілігі бар
оқушыларға Брайл шрифті және белгімен сөйлесу сияқты арнайы әдіс
-
тердің оқыту мен оқу барысында пайдасы көп тиеді. Осыған ұқсас, ау
-
тизммен ауыратын балаларды оқытуда дистинктивті үйрету
әдістері
қолданылады. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқыту
стратегиясына шолу жасаған Дэвис пен Флориан (2004) кез келген жал
-
ғыз стратегияға қарағанда, көбіне әдістер комбинациясы мықты нәти
-
же береді деп қорытындылайды. Кейінгі зерттеулер оқуда қиындығы
бар оқушыларды оқыту әдістерінің «үлкен айырмашылықтары жоқ,
алайда оларды пайдалану білімі басқаша болуы мүмкін» екенін көрсе
-
теді (Hall, 2004; Daniels and Porter, 2007: 17). Инклюзивті оқытуды жос
-
парлағанда ескеретін кейбір сұрақтар 10.2-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: