Көмекші ересек адамдарды араластыру Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды қолдау жұмыста
-
рына қосымша ересек адамдарды араластыру тәжірибесі көп кездесе
-
ді. Соңғы 20 жылда Біріккен Корольдік мектептерінде мұғалімдермен
бірге жұмыс істейтін қосымша ассистенттердің саны күрт артқаны бай
-
қалады. Көмекші ересектердің үлесі Англия мен Уэльс мектептеріндегі
жалпы жұмыс күшінің шамамен төрттен бірін құрайды. 1990 жылдар
-
дың соңындағы мектеп жұмыс күшін қайта модельдеу реформалары
оқушылардың шағын тобының оқу сауатына жетекшілік ету сияқты
міндеттерді қолдаушы қызметкерлер алады деп көрсеткен. Мұғалім
-
нің білімді әрі қамқор ассистенттері білім беруде ерекше қажеттілігі
бар оқушылармен күнделікті жұмыс жүргізіп, қолдау жасап отырса да,
мұндай тәжірибе әлі де сұрақтар туғызып келеді. Білім беруде ерекше
қажеттілігі бар балалар орта есеппен өз уақыттарының төрттен бірін
маман-мұғалімнен тыс өткізеді және өз сыныптастарымен салыстыр
-
ғанда шамамен екі есе аз байланыста болады (Maddern, 2013).