Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет381/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Сұрақ қою 
Бастауыш мектептің үздік мұғалімі болғысы келетіндерге сұрақ 
қоюдың мәні, сипаты, ауқымымен танысуға уақыт қажет. Сұрақ қоюға 
түрткі болатын себеп көп, мысалы, тақырыпқа деген қызығушылықты 
ояту, оқушылардың түсінгенін тексеру, зерттеу дағдыларын модельдеу 
немесе айтылғанға шынайы қызығушылық таныту. Алайда Деламонт 
(1976) «қарама-қарсы сұрақ қою», тексеру және тергеу күнделікті өмір
-
де қолдау таппағанымен, сыныптың негізгі ас мәзіріне кіреді деп атап 
көрсетті. Кейбір сұрақтар балалардың бойында өте жағымды сезім ту
-
дырады және олардың оқуына оң ықпал етеді. Күнделікті сабақта мұға
-
лімдер сағатына отыздан жүз жиырмаға дейін сұрақ қояды, ал ұстаздық 
қызметін түгел алып есептегенде, жалпы, 1,5 миллион сұрақ қояды екен 
(Woolfolk 
et al.,
2008: 597). Олардың көпшілігі ұйымдастырумен байла
-
нысты сұрақтар, ал сарапшылар қалағандай жоғары деңгейдегі ойла
-
нуға жетелейтін ашық сұрақтар көп болмайды. Мұғалімдердің сұрақта
-
рының көп бөлігі, яғни 80 пайызы оқушылардан нақты бір нәрсені еске 
түсіруді ғана талап етеді. Мұны кейде мұғалімдердің жоғары деңгейдегі 
сұрақ қоюдың маңыздылығын жеткілікті деңгейде түсінбеуімен бай
-
ланыстыруға болады. Жоғары және төменгі деңгейдегі сұрақтар ара
-
сындағы айырмашылықтар туралы пікірталастар болғанымен, жақсы 
мұғалімдер сұрақтарды оқыту түріне сәйкес таңдау керек екенін біледі.
Мұғалім сұрақ қоюда жиі кездесетін мынадай қателіктерге ұрыну
-
дан сақ болғаны жөн. Көбіне мұғалімдер нұсқаулық сұрақтар қояды, 
мысалы, «Кітаптарыңызды аласыздар ма?». Мұғалімдер өзі қойған сұ
-
рағының жауабын өзі білетін аз ғана кәсіби топқа кіреді. Кохен және 
басқалар (2004: 237) мынадай бір әзіл әңгімені мысалға келтіреді:
«8 + 4» қанша болатынын сұраған мұғалімге жауап бермеген 6 жасар 
бала: «жауабын мұғалім өзі біледі, мен де білемін, мұғалім не үшін сұ
-
рағанын білмедім» деген екен. Егер мұғалімдер жан-жақты ойлай
-
тын тұлға қалыптастыруға шын ниетпен ұмтылса, олар бірден дұрыс 
жауап бере алмайтын сұрақтар қоюы керек. Кейбір мұғалімдер сұрақ 
қойылғаннан кейін, оған өзі жауап беруге немесе оқушыларды жауап 
беруге ынталандыруға дайын тұрады. Оқушыларға кейбір сұрақтар 
қорқынышты немесе қызықсыз болып көрінуі мүмкін, бұл сыныпта 
келеңсіз жағдайлардың орын алуына себеп болады. Кейде мұғалімдер 
автоматты түрде тым көп сұрақ қояды (әсіресе жабық сипаттағы), ал 
балалардың жауапты ойлануға да жеткілікті уақыты болмайды. Үздік 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
459
тәжірибеде мұғалімдер сұрақтың барлық түрін қолданады, оқушылар
-
дың қажеттіліктеріне сай сұрақтарды қарастырады, ойша жауаптарын 
дайындап қояды, келесі сұрақтың қажет не қажет еместігін бағамдайды 
және оқушылардың ойланып, іштей ой талқысына салып барып жауап 
беруіне мүмкіндігі болуы үшін оларды сұрақтың астына алмау керекті
-
гін ескереді. Фишер (2005b) мұғалімнің жақсы жауап алуына мыналар 
ықпал етеді деп көрсетеді: 
„
аз, бірақ жақсы сұрақ қою; 
„
жақсы жауап іздеу; 
„
балаларды өз сұрақтарын қоюға ынталандыру. 
Сұрақ қоюда көбіне сұрақтың саны емес, сапасы маңызды (11.2-қо
-
сымша). Сұрақтардың санын азайту арқылы балалардың жауап беруі
-
не көп уақыт бөліп, олардың жауаптарын жақсартуға көмектесуге бо
-
лады. 
Үздік мұғалімдер оқушыларға әртүрлі сұрақтар қою арқылы олар
-
дың ойлау қабілетін кеңейтуге шақырады (11.3-қосымша, 11.2-кесте). 
Сондай-ақ олар жедел жауап алуға арналған Q карталары сияқты стра
-
тегияларды қолданып, ұяң оқушылардың да жауап беруін қамтамасыз 
етеді. 
Сұрақтар әртүрлі жолмен жіктелді. Рагг (1993) 1 мыңнан астам са
-
бақты қарастыра келе, мұғалім сұрақтарын 3 негізгі бағыт бойынша 
бөлді: 
„
сыныпты басқарумен баи�ланысты ұи�ымдастыру сұрақтары (мыса
-
лы, тапсырмалардың бәрін кім орындап болды?); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет