Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Тыңдалымға топтық пікірталаспен ықпал ету



Pdf көрінісі
бет398/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Тыңдалымға топтық пікірталаспен ықпал ету 
Жақсы жоспарланған топтық пікірталас оқушыларға әртүрлі пікір
-
ді түсінуге, өз көзқарастарын негіздеуге және әдетте бүкіл сынып ал
-
дында сөйлемейтін оқушыға сөйлеуге мүмкіндік береді. Алайда топтық 
жұмыстың кемшілігі де жоқ емес, айталық кейде ол қойылған мақсат
-
қа еш қатысы жоқ үй көжектері немесе қарындаш қорабы туралы бос 
сөз деңгейіне түсуі мүмкін. Сонымен қатар топтық талқылауда бірнеше 
оқушы оп-оңай үстем болып кетуі мүмкін. Көптеген зерттеулер (мы
-
салы, Hastings and Chantrey Wood, 2002) үстелді айнала отырған бала
-
лар мен бірлесіп жұмыс істеп отырған балалар арасында айтарлықтай 
айырмашылық бар екенін көрсетті. Балалар топтық жұмысқа сай отыр
-
ғанда, әдетте оларға жұптық жұмыс ұсынылады. Оның үстіне балалар
-
дың топтық жұмысқа сай отырғаны олардың жақсы жұмыс істейтінін 
білдірмейді. Хоу мен Мерсер (2007): «балалардың бірлесіп жұмыс істеуі
-
не және сөйлесуіне мүмкіндік берудің оқуға еш пайдасы жоқ», – дейді. 
Оларға қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдыларды, атап айтқанда
келіспеушілікті қалай шешуді, топтық шешім қабылдауды және ұсақ 
даулардан аулақ болуды үйрету керек. Дау-дамай тудыратын мораль
-
дық мәселелер туралы пікірталастар нәтижелі өзара әрекеттесуге алып


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
476
келеді. Бұл әсіресе, тапсырма түсінікті арттырғанымен, оны жеке оқу
-
шының орындауы мүмкін болмаған жағдайда болады. Мерсер (2000) 
мұғалімдер «ізденушілік әңгіме» өткізуге дайын болуы керек екенін 
айтады, себебі ол оқушыларға өз пікірлерін білдіруге, сын айтуға және 
бағалауға мүмкіндік береді. Балалар айтатынын негіздей отырып, өз 
ойларын сөз арқылы өрнектеуді әдетке айналдырады, бұл ойлаудың 
ерекше әлеуметтік тәсілі болып саналады. Сондықтан мұғалімдердің 
жетекші сұрақтар қоюы және оқушыларды дауыстап ойлауға ынталан
-
дыруы өте маңызды. Тиімді топтық әңгімелесу кезінде мұғалім ұста
-
нуы керек көптеген практикалық ұсыныстар бар (11.5-қосымша). Әр 
жұмыстың жазбаша нәтижесі болуы міндетті емес екенін есте ұстаған 
жөн. Топтық әңгіме негізгі ережелердің басынан бастап сақталуын та
-
лап етеді, мысалы, әр оқушы өзіне берілген уақытта ғана сөйлеп, ойын 
дәйектей алады, сондай-ақ басқалардың айтқан ойын құрметтейді. 
Топтық пікірталастың аса бір ыңғайсыз тұсы – мұғалімнің кідіріс, 
күлкі, келіспеушілік пен айтар сөзін ойлану арасындағы іркіліс уақы
-
тын жете бағалай алмауында. Тәжірибелі мұғалімдер оқушылардың пі
-
кірталастың арқасында білім алатынына сене отырып, олардың қарсы 
уәж айтуына не басқа тақырыпқа ауысуына мүмкіндік беруі керек. 
Мұғалімге балалардың пікірталасы кезінде оған араласу мен «сырт
-
көз ретінде қарау» арасын тең ұстау аса қиын. Әсіресе ұяң балалар үшін 
сұрақ қою, меңзеу, байқап көру, анықтау дағдыларын дамыту өте қа
-
жет (11.6-қосымша) Сыныптағы пікірталас кезінде кейде балалар өзі 
ұнатпайтын қатарласының идеясын қабылдамай қояды, мұндай пікір
-
таласты басқаруда қиындықтар туындайды. Балалардың тыңдау және 
сөйлесу дағдыларын дамытатын қолжетімді материалдар санының 
едәуір өсуіне қарамастан, кейде балалар пікірталасты жұмыс ретінде 
қабылдамайды. Кейде мұғалімдер бүкіл сыныппен өткен талқылаудан 
соң, балаларға мына сөздерді айтса да әсері болмайды: «жарайды, тағы 
жұмыс істеп көрейік» немесе «жақсы, саған қазір тағы бір жұмыс беріп 
көрейін». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет