Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет399/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

11.6-ҚОСЫМША. 
ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ 
Жаңалықтардан ұяң балаларда әлеуметтік фобия мен психикалық ауытқулар 
пайда болуы мүмкін деген хабарды көрдіңіз. Сыныбыңызда сабақ басталған 
алты аптадан бері санаулы сөз ғана айтқан ұяң бала бар делік. Бұл жағдайда-
ғы әрекетіңіз қандай болмақ? 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
477
Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту 
Біріккен Корольдіктің білім беру жүйесінің лингвистикалық про
-
филі барған сайын түрленіп барады. 2012 жылы бастауыш және орта 
мектеп жасындағы балалардың 1 миллионнан астамының ана тілі 
ағылшын тілінен басқа тіл екені анықталған, ал 2007 жылғы көрсеткіш 
шамамен 800 мыңға жуық (Barkham, 2013). Оқу бағдарламасындағы 
тілдерді дамытудың ұлттық қауымдастығының (NALDIC) көрсетуінше, 
ағылшын тілі екінші тіл болып саналатын (EAL) оқушылар саны өсуде. 
2011 жылы ол бастауыш мектеп оқушыларының 16,8 пайызын құраса, 
ал 2009 жылы 15,2 пайызды құраған (www.naldic.org.uk). Брэдфордта
-
ғы бастауыш мектептерде балалардың 43 пайызы ағылшын тілінде 
екінші тіл ретінде сөйлейді. Онда урду, қытай және филиппин бастаған
140-қа жуық тіл бар. Сондай-ақ адамдардың басым көпшілігі поляк, ла
-
тыш және орыс сияқты шығыс және солтүстік Еуропа тілдерінде сөй
-
лейді (Baker, 2012). 
Ағылшын тілі екінші тіл болып саналатын балалар біртекті топ 
емес: олардың қажеттіліктері, отбасылық жағдайлары, жетістікте
-
рі мен мүдделері әртүрлі. Мектепке өзге тілде сөйлейтін балалардың 
келуі басқа балалар үшін қызық көрінгенімен, мұғалімдерге қосымша 
қиындықтар туғызады. Алдымен балалардың ана тіліне деген көзқара
-
сын анықтап алған маңызды, мәселен, кейбіреулер оны мектепте қол
-
данудан ыңғайсыздануы, ұялуы мүмкін. Ата-аналарының да көзқарасы 
дәл сондай болуы ықтимал. 
Мұғалімдердің инклюзивті оқыту ортасын қолдайтыны рас болса, 
онда олар балалардың ана тіліне оң көзқараспен қарауы керек. Ол үшін 
мұғалім тіл үйренуші рөлін ойнап, баланың ана тіліндегі бірнеше сөз 
бен сөз тіркесін үйреніп алуына болады. Ағылшын тілін үйреніп жүр
-
ген бала мұғалімінің тәуекелге барып, оның ана тілін үйреніп жүргенін 
көргенде, тілді тану мен оны бірлесіп үйренуге деген қызығушылығы 
артады. Көптілді мектептерде айтарлықтай тәжірибесі бар әріптестер
-
ден көп нәрсені үйренуге болады.
Билингвизм – бұл екі тілде еркін сөйлеу қабілетінен өзгеше дүние. 
Бұл сол тілдер тамырланып шыққан мәдениетпен танысуды қажет ете
-
ді. Қостілді білім беру тұрғысынан алғанда, оқушылар жасына сай екі 
немесе одан да көп тілде оқып, жазуы тиіс. Басқаша айтқанда, олар «қос
-
сауаттылыққа» қол жеткізеді. Қалай болғанда да жеке қарым-қатынас, 
денсаулық, саяхаттау және жұмысқа орналасу тұрғысынан қарасақ та, 
қостілділіктің басымдығы көп. Билингвизм туризм, әлеуметтік келісім 
және ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қоғамға пайдалы. Зерттеулер
-
ге қарағанда, екі немесе одан да көп тілді үйрену балалар үшін қолай
-
сыздық тудырмайды, сондықтан көптеген елдер қостілді білім беруді


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
478
қолдайды (11.7-қосымша). Екінші тілді меңгеру онымен айтарлықтай 
сапалы қатынас орнатуға байланысты (Mehisto, 2012). 
Мұғалімдерге ағылшын тілін жетік білмейтін оқушылармен қа
-
рым-қатынас жасауға көмектесетін материалдар күн өткен сайын ар
-
тып келеді. NALDIC, инспекциялар мен мемлекеттік уеб-сайттар сияқ
-
ты ұйымдар ұсынатын ресурстарды қолданған жөн. 
«Excellence and 
Enjoyment» 
атты біліктілікті арттыру модульдерінің сериясы:
 
Бастауыш 
білім беру негізінде 
бастауыштағы қостілді балаларға арналған оқу 
мен оқыту ісі
(DfES, 2006) жан-жақты қамтылған нұсқаулық дайындал
-
ды, қазір онымен Ұлттық мұрағаттың уеб-сайтында танысуға болады. 
Education Scotland уеб-сайты озық тәжірибелерге негізделген кейстер 
ұсынады. Глазго балабақшаларының бірінде ерікті ата-аналар (бұрын 
және қазір) мен қостілді тәрбиеленушілер мандарин, поляк және урду 
тілдерінде бейнематериал дайындап келеді. Сондай-ақ
мектепте фото
-
суреттер мен қызметкерлер есімі және
ағылшын тіліндегі, оқушылар
-
дың ана тіліндегі қарапайым жазбалары бар тілдік қарым-қатынасқа 
арналған папкалар қолданыла бастады.
Олар оқу, күнделікті өмір және 
денсаулық мәселелерін қамтиды. Жаңадан келген пана іздеушілерге 
мамандандырылған педагогикалық қолдау жергілікті билік ресурста
-
рына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Оқушыларды базалық 
ағылшын тілімен таныстыру өнер, драма, санау дағдылары және ғы
-
лым сияқты әртүрлі контексте, сондай-ақ қостілді оқыту материалда
-
ры, көрнекі құралдар және сөйлейтін кітаптар сияқты арнайы ресурс
-
тар арқылы жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет