Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Баға беруші зерттеудің шынайы мәселесін талқылау



Pdf көрінісі
бет213/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Баға беруші зерттеудің шынайы мәселесін талқылау 
Баға беруші зерттеуде сенім тудыратын дерек алу саяси өмір шындығының 
бір ғана мәселесі емес. Әдетте баға беруші зерттеу ретсіз және белгілі бір тәр-
тіпке бағынбаған күи�де, шынаи�ы өмір жағдаи�ында жүргізіледі. Нақты, құнды 
нәтижелер алғыңыз келсе, күрделіліктің осындаи� деңгеи�ін жақсы түсінуіңіз 
қажет. 
Бағалауға тиіс барлық бастамалар нақты анықталып, дәл және өлшеулі мақ-
саттар мен міндеттерін білгеніңіз жөн. Бірақ бұл ұдаи�ы қолдан келе бермеи�ді. 
Мінсіз емес жағдаи�лардан жол табатындаи� жұмыс істеуіңіз керек. Ондаи� жағ-
даи�ларды жеке тақырыптарда атап өтеи�ін.


228
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Зерттеу бастала сала бағалау туралы шешім шығарғанда... 
Жобаны жоспарлаи� сала оның мои�ындалған бөлігін бағалауға қажеттік туса, 
тіпті жақсы. Ондаи� жағдаи�да барлық нұсқа қолыңызда тұр. Ерте жоспарлау 
сізге кездеи�соқ басқарылатын қиындықтар, басқару топтарымен жүргізілетін 
квази-эксперименттер, дизаи�нға деи�інгі және дизаи�ннан кеи�інгі салыстыр-
малы зерттеуді құрастыруға мүмкіндік береді (8-тарауды қараңыз). Бірақ көп 
жағдаи�да баға беруді кеи�ін жоспарлаи�сыз, ол әдіснамалық мүмкіндіктеріңізді 
шектеи�ді. 
Нәтижеге тәуелді баға беруші зерттеу салыстырылатынын ұдаи�ы естен шы-
ғармаңыз. Ең дұрысы – кем дегенде екі дерек жиынын қолдануды ұмытпау. 
Тиімді баға беру деи�інгі және кеи�інгі деректерге (бастамаға деи�ін жинақталған 
деректерді бастамадан кеи�інгі деректермен салыстырудан шыққан деректер) 
немесе кеи�с/басқару деректеріне (бастаманың өзгерісін тәжірибеден өткізген 
және өткізбеген екі топтан жинаған деректер) негізделеді.
Алдын ала жоспарламасаңыз, аталған мүмкіндіктердің қаи�сысына қолыңыз 
жетуі мүмкін екенін ои�ланыңыз. Яғни негіз болатын деректерді жинаи� аласыз 
ба немесе салыстыруға мүмкіндік беретін басқару тобын таба аласыз ба – анық-
тап алыңыз. Ал негіз болатын деректер немесе салыстыруға арналған басқару 
тобы жоқ болса, онда мынадаи� әдіснамалық нұсқалар бар:
1. 
Тексеріліп отырған бастаманың ықпалын білгіңіз келсе мүдделі топтар үшін «тек 
кейінгі топ» зерттеуін жүргізіңіз. Салыстырма әдісі секілді мықты болмаса да, бұл 
тәсілдің де маңызы зор. Мұндағы басты мәселе – нені күтетініңізді анық білу. 
Клиенттеріңіз әдіснамалық шектеулерден және зерттеу нәтижелеріне қалай ық-
пал етуі мүмкін екенінен де хабардар болуы керек. 
2. 
Бастаманың құрылымына, жеткізілуіне және енгізілуіне қатысты мүдделі та-
раптардың ойын назарға алатын процесті бағалайтын зерттеу түрімен ғана 
шектеліңіз.
Мақсат нақтыланбағанда және өлшенбегенде 
Көтерген бастамаңыздың мақсатына жеткенін не жетпегенін анықтағыңыз 
келсе, мына екі нәрсені: ол мақсаттар қандаи� болғанын/қандаи� екенін; олар-
ды қалаи� өлшеуге болатынын нақты білуіңіз қажет. Осы уақытқа деи�ін белгілі 
мақсаттар: нақты, өлшенбелі, қолжетімді, өзекті және уақытқа саи� – НӨҚӨУ 
(SMART). Бастамаңыз әдіснамалық дизаи�н тұрғысынан ои�ластырылғанда, осы 
мақсаттар ескерілсе, жарты жолды еңсергеніңіз. Мақсатыңыз өлшенбелі, сон-
дықтан бары мен жоғын екшеп, өлшеуіңіз керек. Бірақ мақсаты нақтыланбаған 
немесе өлшенбеген бастамаларда көбірек жұмыс істеуге тура келеді. Қолда жоқ 
немесе нақтыланбаған мақсаттарды бағалаи� алмағандықтан, мына қадамдарды 
ескеріңіз:


229
Әдіснамаларды түсіну: баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегиялар
y
Бастаманың мақсатын нақтылап және айқындап алу үшін мүдделі тараптармен – 
бағдарлама логикасымен жұмыс істеу (кейін кеңірек тоқталамыз).
y
Қандай мақсатты бағалауға артықшылықтар берілетіні туралы шешім қабылдау.
y
Бұл мақсаттар қалай жүзеге асырылатынына байланысты шешім қабылдау және 
ол туралы ортақ келісімге келу (мысалы, «балалардың оқуға қызығуын» өлшей 
алатын әдісті құрап шығудан «үшінші сынып оқушыларының оқу жылының соңы-
на қарай бос уақытта оқумен шұғылдануы 50%-ға жоғарылағанын» өлшей алатын 
әдісті құрастыру әлдеқайда қиын).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет