128
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді.
Олар жазба түрінде жауап жазады.
Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген
тақырыптарға тірек конспектісін жасайды.
Импрессивтік әдістер.
Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе
ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі
идеясын айтады.
Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-құлқымен, жүріс-
тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай бастайды.
Осы әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды, кинофильмдерді,
сәулет
өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-құлқын талдау үшін қолдануға болады.
Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды
әсерлендіре білуіне, оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты.
Сонымен оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізінде
меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету
мұғалімнің басты мақсаты. Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық
технологияны ұтымды
енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып
үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту. Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың
білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін
дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Педагогикалық технологияның негізгі әдіс – тәсіл,
амалдардың ең тиімдісін әр
тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай таңдап қолдануда.
Ұстаз естен шығармайтын негізгі мемілекеттік стандарттың талаптарын толық
басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінде. Олай болса педагогикалық технология – оқу тәрбие
үрдісінің шығармашылық пен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды
құрамдас бөлігі. Осыдан келіп әр мектепке, мұғалімге
оқушылардың оқу танымдық
белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу даму
дағдыларын қалыптастыру. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу міндеті жүктеледі.
Қорыта
келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты
міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана
мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола
алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың
жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін,
іске асыруын және оған сай
болатын іскерлікті талап етеді. Егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты
әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім
алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс
беру сияқты мәселелердің орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: