Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет133/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
сборник3

Summary 
This article discusses the effective use of innovative technologies in the educational process. 
Main qualification is contact with quick changes, basic education is recognizes pedagogical actions, 
professional qualification – is showing the feature of the things. 
Professional teachers controlled own emotions which they give to the students, controlled 
students opportunities, than controlled their own works. 
The students interested at this teachers in their education, they feels to take best education. 
Қазіргі ғылым – техникалық өрлеу заманы білікті де білімді мамандарды қажет етуде. 
Осы бағытта техниканың заманауи тілін меңгерген білікті мамандар даярлау – Елбасымыздың 
жолдауындағы басты бағыттардың бірі.
Еліміздің болашаққа деген үкілі үмітінің тірегі жастардың озат ойлары мен кемел 
білімдері, еліміздің тың мақсаттарға апаратын құдіретті күші болып табылады. Сондықтан 
оқытушылар теориялық және тәжірибе сабақтарында оқушылардың бойында адамзат 
баласының құндылықтары ерік, жігер, еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттері бойға 
сіңіруіне, тәуелсіз еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосатын білімі мен білігі ұштасқан 
мамандар даярлауда білімі жоғары оқытушылардың маңызы зор. 


137
Жастар әрқашанда ел намысын биік ұстауға күш салуға тиіс. Алған білімдерін еліміздің 
игілігіне пайдалана білуі керек. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас 
ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Оқу үрдісін 
технологияландыру, ақпараттандыру, оқыту сапасын арттыру негізгі білім сапасының кепілі 
болып табылады. Белгілі нәтижелерге жету үшін оқушы бойында субьект ретінде төмендегі 
құзыреттіліктерді қалыптастыру керек: коммуникативтік құзыреттілік, ақпараттық 
құзыреттілік. 
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық кәсіптік, адамгершілік, 
рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуының игі әсерін 
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін ұйымдасыруға көмектеседі. Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіптік бағдар немесе кәсіби бағыттылық деген 
ұғымға білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтары мен жеке қабілеттеріне сәйкес білім 
беру саласында мамандық пен оқитын орнын таңдауына ақпараттық және консультациялық 
көмек беру деп түсініктеме берілген [2]. 
Сонда қазіргі мектеп оқушысы болашақ мамандығын кәсіби бағдар арқылы таңдап 
алған соң, оның өндірістегі білікті кадр болып қалыптасуы педагогтердің міндетіндегі іс 
болып табылады. Ол үшін білім беру ұйымдарындағы оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып
пәндерді оқытуға арналған зертханалық жұмыстар оқытудың инновациялық технологиясымен 
байланыстырылуы тиіс. Бұл жөнінде жоғарыда атап өткен Елбасы Жолдауында «Отандық 
білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және нақты құралдарды қарқынды 
енгізуге тиіспіз» деп нақты тапсырма ретінде атап көрсетілген [1]. Мұның орындалуына 
барынша атсалысу – оқу орны қызметкерлерінің барлығына бірдей міндет болып жүктеледі. 
Жалпы біз сөз етіп отырған инновациялық технологиялар оқу процесіне педагогикалық 
оқыту технологиялары болып 1970 жылдары батыстың педагогикалық әдебиеттерінен келген. 
Бұл – әртүрлі типтегі білім беру ұйымдарының оқу процесінде кадр даярлау, біліктілік көтеру, 
материалдық қамтамасыз ету, басқару және т.б. сияқты оқытудың әртүрлі жүйесінде 
қолданылатын технологияны сипаттап береді [4]. Дегенмен, осы технологияларды қазіргі 
жаһандану дәуіріндегі жаңашыл құралдармен байланыстыра отырып, оқу процесіне жаңа 
инновациялық технология ретінде енгізу – әрбір педагогтің міндеті. Әсіресе теорияны 
тәжірибемен байланыстыруда негізгі ақпарат көзі болып табылатын белгілі бағыттағы 
пәндерді инновациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізу білім сапалылығын 
арттырып қана қоймай, білім алушының танымдық көзқарасын да кеңейтеді. 
Қазіргі кезде оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген инновациялық 
технологиялар бар. Ол үшін мұғалім өзінің ақпараттық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы 
тиіс. Білім беру ұйымының әрбір маманы ең алдымен оқытудың инновациялық 
технологиясына сәйкес әдістемені дұрыс таңдап алуы, сабақ жоспарын жаңа технология 
талаптарына сай құра білуі, тапсырмаларға сәйкес орындалатын жұмыстың қажеттілігін дұрыс 
жіктей алуы, сонымен қатар, өткізілген жаңа сабақтан нақты қорытынды мен нәтиже көрсете 
алуы тиіс. Технологиялардың түрлері білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған 
және арнайы бекітілген оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді, керісінше оқу 
пәндерінің үлгілік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан 
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді [5]. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану 
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу 
- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. 
Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. 
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең 
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - 
коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның 
табиғи ортасына айналып отыр. 


138
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу 
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына 
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын 
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми – 
техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық 
процесінің негізіне айналды [4]. 
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, 
оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына 
жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. 
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, 
дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Оқыту үрдiсiнде технологияны 
қолдану оқытушы мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың 
iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру 
жүйесінде оқытушы – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып
оқытушы – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру 
оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, 
жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ 
ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына 
сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім 
жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу 
мүмкіндіктері жатады [3]. 
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, 
оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып 
табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың 
дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. 
Мұғалімдерге жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
- оқушының өз бетімен жұмысына; 
- уақытын үнемдеуге; 
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде; 
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы 
жүзеге асыру; 
- қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
- экономикалық тиімділігі; 
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, 
қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с); 
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері 
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, 
сезінуге мүмкіндік береді; 
- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Технологиялардың жаңаша түрлерінің бірі – практикалық және тәжірибелік сабақтарды 
қызықты етіп өткізуге арналған виртуалды зертханалық жұмыстар. Виртуалды зертханалық 
жұмыстар – компьютерлік 3D имитациялық тренажерлары болып табылады. Олар 
оқушылардың кәсіби қабілеттерін және ішкі түйсіктерін қалыптастыру мен жетілдіруге, 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Виртуалды зертханалық жұмыстар 
– бұл түрлі құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданылатын шынайы зертханалық 
жұмыстардың (тәжірибелердің) аналогы болып табылады, алайда виртуалды зертханалық 
жұмыстардың шынайы зертханалық жұмыстардан басты айырмашылығы бұл олардың 
компьютерде орындалуы. Виртуалды (компьютерлік) зертханалық жұмыстардың 
артықшылығы: 
- Оқу орны ауданы мен қаржы шығындарының үнемділігі; 
- Зертханалық жұмыстарды әрбір оқушының жеке-жеке орындау мүмкіндігі; 


139
- Оқытылатын жабдықтармен қауіпті және апаттық режимдерде жұмыс жасау 
мүмкіндігі; 
- Тәжірибе шарттарын өзгертудің мүмкіндігі; 
- Пайдалану шығындарының болмауы. 
Әр түрлі технологиялар кәсіпшілік дағдылары мен іскерліктерін, ішкі түйсіктері мен 
шығармашылық қабілеттерін әр түрлі дамытуға мүмкіндік береді. 
Haskett consulting inc. (HCI) соңғы зерттеулері бойынша: «Адамдар көрген 
ақпараттарының 20%-ын, көріп-естіген ақпараттарының 40%-ын және көріп, естіген және 
жасаған нәрселерінің 70%-ын есте сақтайды». Осындай мәліметтер Ресей және шетелдік 
ақпарат көздерінен алынған нәтиже бойынша - 
Есте сақтаудың пайыздық үлесі: 
- мәтін оқыған кезде - 10-30%; 
- сызба мен кестелерде көбен көрген кезде - 20-40%; 
- көріп-естіген кезде (мультимедиа) - 30-50%; 
- айтып-жазған кезде (интерактив) - 50-75%; 
- көріп-жасаған кезде (модельдеу, тренажерлар) - 65-95%. 
Осыған орай, виртуалды шынайылылықты қалыптастыру технологиясының көмегімен 
білім берудің тиімділігін арттыруға болады деген қорытынды жасауға болады, өйткені бұл 
жағдайда адамның бірнеше қабылдау каналдары (көру,есту, кинестика) қамтылады. 
Технологиялардың тиімді түрлерінің бірі - электроңдық оқу құралын арнайы пәндерді 
оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл оқу курсының ең маңызды 
бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу 
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық проектілерге нұсқау және т.б. 
білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы. 
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын 
алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы 
тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап
анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық 
арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, 
әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын 
сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың 
кұштарлығы оянады деп есептеймін. осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық 
оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ 
игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал [3]. 
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты 
міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және 
қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім 
дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты 
игеруінен көрінетін білім нәтижесі. 
Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің 
маңызы өте зор және оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, 
шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын 
арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Осы біліммен 
өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен жұмыс жасау шеберлігін 
қалыптастыра алады. Сондықтан оқу процесінде инновацияны қолдану – біздің басты 
міндетіміз болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет