46
бөледі. Жыл сайынғы әдетімен мереке күнгі қарбалас ерте басталды.
Мектеп жақтан горнның, барабанның үндері естіледі. Ұйқыдан тұрған
тіршілік перроннан қозғалған ауыр составтай баяу жылжып бара жатты
(қалыпты).
Әлдебір жолаушы Сәлімгерейдің үйіне құдайы қонақ боп келгенде
жүректен қайтыс болыпты деген сыбыс төңірекке сыздықтай тарағанмен,
алып-қашпа дабырға ұласқан жоқ. Дүниеге кім келіп, кім кетпей
жатыр?..(өкініш)
Бұл өңірде бәрі бұрынғыша, бәрі қаз қалпында. Тіпті ештеңе де
болмаған секілді (таңғалу).
О. Бөкейдің өз кейіпкерлеріне қарым-қатынасы астарлы түрде берілген,
яғни олардың әрқайсысын тек жалпы есіммен атау арқылы олардың мінез-
құлқы, іс-әрекеті жайлы оқырман көңілінде де кереғар пікір
қалыптастырады:
екінші қыз, үшінші қыз (Құм мінезі), Қойшы, Әйел,
Зоотехник (Өліара). Ол осы повестегі өз кейіпкерін бірде аяйды, бірде оған
ыза болады, бірде оған таңдана қарайды:
Бірақ бұл сөзді абиыр болғанда
күйеуі естіген жоқ-ты; Бірақ әнеукүнгі оқиға болмаса...
әнеукүнгі оқиға...
Қойшының денесі тітіркенгендей болды. Астында қалғып тұрған торы
шолақты бауырға бір салып қалғанда, оқыс атып кетіп, ерден әрең-әрең
ауып түспей қалды. Бұдан соң торыны шықпыртты-ай, шықпыртты-ай,
төпеледі-ай... Ат аң-таң...
Е. Раушанов өлеңіндегі предикат
және релятив бөліктерінің
орналастырылуы автордың субъективті көзқарасымен тығыз байланысты.
Шығыс ақыны Хафиз ғазалының алғашқы екі жолын еске түсіретін бұл
өлеңде мағыналық салмақ-жүгі ерекше жолдар графикалық тұрғыда, яғни
өлеңнің құрылымында жеке жол болып басқа шумақтардан алшақ
орналасып, көп нүкте арқылы айрықшаланып, тақырып әрі кіріспе ретінде
өлең мәтінін түзуге қызмет етеді.
Ақынның ішкі өкініші, күйзелісі тұтас
өлеңнің модальділігіне негіз болып тұр:
Достарыңызбен бөлісу: