1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер: 
Қоғам, мәдениет, гендер, әйел, еркек. 
Аннотация
: В этой статье гендерные исследования рассматривались с точки зрения социлологии и фило-
софии. Также, роль женщины и мужчины определяется в обществе. 
Ключевые слова: Общество, культура, гендер, женщина, мужчина. 
Аbstract: This article considers the gender investigations from the point of view of social and philosophical ideas. As 
well as, the role of woman and man is determined in the society. 
Key words: Society, culture, gender, woman, man. 
Қоғам мен мәдениеттегі әйелдің бейнесі, жағдайы 


36
мен орны мәселесіне қатысты ғылыми еңбектер мен 
гендерлік зерттеулер шетелдерде соңғы жүзжылдықта 
қарқынды дамығанымен, отандық гуманитарлық 
ғылымда тек соңғы онжылдықтарда ғана алдыңғы 
орынға шықты. Гендер мәселесі ауқымындағы әйел 
тақырыбы жаңа білім саласында өзекті мәселе 
ретінде қызық, әрі тез дамып келе жатыр. Бұл 
мәселеге деген қызығушылық біріншіден жал-
пы гуманитарландыру және демократияландыру 
үдерістерімен байланысты оянғанын айта кету керек. 
Бұл жерде ең негізгі көңіл аударарлық нәрсе әйелдің 
рөлін қайта бағалауға бағытталған. Кейінгі кездері 
гуманитарлық ғылымдардағы гендерлік зерттеулер 
кеңінен өрістетіліп, көптеген дәстүрлі мәселелердің 
шешілуіне арналған гендерлік әдістің жемістілігі 
айқын аңғарылуда. Жыныстың әлеуметтік-мәдени 
теориясы - гендерлік ілім жаңа ғылыми білімнің 
ең өзекті, қызғылықты және қарқынды түрде да-
мып жатқан салаларының біріне айналуда. Сонымен 
қатар, бұл бағыттағы ғылыми ізденістер мен арнаулы 
зерттеулердің көбейе түсуі егеменді Қазақстанның 
жаңа әлеуметтік-тарихи жағдайлары мен қазіргі 
ғылыми әдіснамалық ұстындарға орай туындап отыр.
Әйел мәселесі мен гендерлік тақырыптың, 
жыныстың теңдігі мен арақатынасы мәселесінің 
әлемдік философияның тарихында ежелден бері 
көтеріліп келе жатқаны белгілі. Бірақ бұл мәселе өткен 
тарихи кезеңдердің сипатына қарай, өзінің әлеуметтік 
қырынан гөрі, дүниенің жаратылысын ұғындырумен 
байланысты онтологиялық, метафизикалық және 
биологиялық қырынан қарастырылып келді. Дүниенің 
қарама қарсы екі жыныстық бастауы туралы ойлар 
ежелгі шығыс ойшылдарының, әсіресе қытайлық дао 
ілімінде, сондай-ақ антик ойшылдары Платонның, 
Аристотельдің және т.б. шығармаларында кездеседі. 
Ортағасырлық философияда бұл екі бастау діни 
дүниетаныммен тығыз байланыста түсіндірілді, 
әйел тақырыбы діни тұжырымдамалар негізінде 
қарастырылды. Батыстың хритиандық әлемінде күнә 
мен әйелдің аты қатар аталғанын айта кету керек. 
Христиан теологтарының тіпті «әйел адам ба, адам 
емес пе» деген мәселе көтеріп, орта ғасырларда Баты-
ста әйелдердің «мыстан», «азғырушы», «арбаушы», 
«көзбояушы», «сиқыршы» деген жаламен шіркеу та-
рапынан тірідей отқа жағылғанын, өртелгенін білеміз. 
Католик шіркеуі мен протестанттық сенім арасындағы 
қақтығыс кезінде ең көп зардап шеккендер тағы да 
әйелдер болды. Ал ата-бабамыз ақылмен және еркімен 
қабылдаған ислам діні анаға, әйелге ерекше мәртебе 
берді. Исламдық түсінік бойынша, адам, әсіресе әйел 
дүниеге күнәһәр болып келген жоқ. Керісінше, нәресте 
бұл дүниеге періштедей таза болып және дінге бейім 
болып келеді және оның жарық дүниеге келуіне се-
бепкер ретінде ананы көреміз. Жаратушы баланы 
бұл дүниеге әкелу үшін оны әуелі ананың рахымын-
да тәрбиелейді, өзінің пендесіне деген мейірімін ана 
арқылы көрсетеді. Сондықтан Шығыста «әйел бір 
қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген 
сөз бекер айтылмаса керек.
Әйел мен еркектің қоғамда алатын орнын 
айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени 
құрылым ретіндегі ұғымы он тоғызыншы ғасырдан ба-
стап, батыстық елдердің жаңа капиталистік нарықтық 
қатынастарға тартылуымен қалыптасты. Капитализм-
ге өту сатысында Батыста әйел мен баланың еңбегі 
қаналды, олардың құқықтары аяққа тапталды, ет-
кен еңбегіне мардымсыз ақы төленді. Осыған орай, 
әйелдердің өз құқықтары үшін күресі басталып, эман-
сипация түсінігі мен феминизм идеологиясы өмірге 
енді. Дегенмен, шіркеуді былай қойғанның өзінде, зия-
лылар мен оқымыстылардың өзінде де әйелді кемсітуші 
ескі патриархаттық дәстүр сақталып қалды. Мәселен,
И. Милтон әйелге «жаратылыстың қателігі» деп 
қараса, әйгілі Ф. Ницше «әйелмен сөйлескен кез-
де қолыңда қамшы болсын» деп қағытады. Әйел 
тақырыбы сондай-ақ, жаңа заман философтарының:
И. Канттың, Г.В.Ф. Гегельдің, А. Шопенгауэрдің, З. 
Фрейдтің және т.б. шығармаларында сөз болды. 
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ 
қоғамында да «әйел теңдігі» мәселесі көтерілді. 
Бұрын, Шал ақынның шығармаларында қазақтың 
дәстүрлі мәдениетіндегі әйел бейнесінің келеңсіз 
құбылыстарымен сипатталатын трансформациясы 
жырланса, енді Ж. Аймауытов, С. Көбеев, М. Дулатов 
және т.б. қазақ зиялыларының еңбектерінде «бақытсыз 
Жамалдардың» мәселелері көтеріледі. 
Бұл кезеңде гендерлік мәселе мен әйел тақырыбы Зиг-
мунд Фрейдтің психоанализ ілімін қалыптастырғаннан 
кейін және Симона Де Бовуардың «Екінші жыныс» 
еңбегінен соң батыстық философия мен ғылымда 
сәнге айналып, әуел баста психоаналитикалық бағытта 
дамып, кейінірек модернистік, постмодернистік және 
постструктуралистік бағыттарда жалғасқанын атап 
өту керек. Осы ғасырдың екінші жартысынан ба-
стап гендерлік ілім – жыныстың әлеуметтік теори-
ясы барлық қоғамдық ғылымдарға кеңінен тарала 
бастады. Әсіресе, К.Г. Юнг пен А. Адлер тәрізді
психоаналитиктердің, сондай-ақ Э. Бадинтер, Э. 
Берн, Дж. Бернард, В. Джонсон, М. Мид, К. Миллет, 
Б. Фридан сияқты фемиинист-зерттеушілердің, В.Е. 
Коган, И.С. Кон, У. Мастерс, К. Хорни секілді
ғалымдардың және де М. Фуко, Ж. Лакан, Ж. Дерри-
да, Ж. Делез, Ф. Гваттари сияқты постмодернистердің 
еңбектерінде әйел бейнесі талдаудың өзегіне айналды. 
Міндеттер:
-еркек және әйел бастаулардың әрекетімен 
жаратылыстың пайда болуын түсіндіретін көне шығыс 
философиясы мен антикалық ойды, ортағасырлық 
діни тұжырымдамалар мен жаңа және қазіргі за-
ман философиясындағы патриархаттық неме-
се фаллоцентристік көзқарастарды да, жыныстың 
әлеуметтік теорияларындағы феминистік түсініктерді 
де ғылыми сипаттаудың негізінде әйел тақырыбының 
мәдени қырынан қойылуы талданды;
- түрлі әлеуметтік топ пен жыныстар арасындағы 
қарым-қатынастың тілдік немесе тілдік емес факторла-
рын көркем мәтін аясында кейіпкерлердің көңіл-күйін, 
ішкі сезімін, түрлі жағдайға көзқарасын алуан түрлі 
психологиялық ерекшеліктерін көркемдік тәсілдермен 
қатар түрлі кинесикалық элементтердің көмегіне де 
жүгіне отырып, сонымен қатар, күнделікті өмірде және 
көркем шығармаларда кездесетін этномәдени элемент-
тер коммуниканттардың әлеуметтік және биологиялық 
белгілеріне байланысты кинетикалық жүріс-тұрысы 


37
мен мінез-құлқының ұлттық ерекшелігін зерттеп-
білу негізінде қазақ әйелінің рәміздік бітім-белгілері 
анықталды; 
- қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде исламдық 
құндылықтардың ғасырлар бойы сіңіп, біте қайнасып 
кеткенін алға тарта отырып, сондай-ақ қазіргі 
жариялылық пен плюрализммен сипатталатын 
«демократиялық» және бетімен кеткен либералдық 
құндылықтар үстемдік алған христиандық Батыста 
жаппай сынаудың ұшына ілінген ислам дініндегі әйел 
бейнесі арнайы зерттеліп, исламның әйелге өзінің 
табиғатына сай нәрселерді бергені, оны қолайсыз 
жағдайлар мен белгісіздіктерден қорғап, өз құқықтары 
мен еркіндіктерін беріп, әйел мен анаға ерекше мәртебе 
көрсеткені айқындалды; 
- қазақ халқының архетиптік санасындағы жыныстық 
түсініктің іздерін анықтау нәтижесінде, дей-түріктер 
мен арғықазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер 
мен ежелгі қазақтардың діни наным-сенімдері 
мен кейінгі дәстүрлі қазақ философиясындағы 
гендерлік сипаттарды дүниетанымдық тұрғыдан 
қарастыру барысында қазақ халқының мәдениеті 
мен дүниетанымындағы әйел бейнесі тарихи-
мәдениеттанулық тұрғыда талданды;
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдің жағдайына 
ықпалын тигізген дәстүрлі дала заңдарына сүйенген 
әдеттің де, ислам құндылықтарына негізделген 
шариаттың да баптарын, қазақы әйел бейнесінің 
қалыптасуына әсерін тигізген сәбидің шыр етіп 
дүниеге келген сәтінен бастап, адамның дүниеден 
өтердегі жерлеу дәстүріне дейінгі қазақы салт-сананы 
сипаттау негізінде дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әйел 
болмысы зерделенді; 
- бір жағынан, қазақ қоғамының дәстүрлі нормала-
ры мен құндылықтарының осы күнге дейін сақталып 
келгенін ескеріп, екінші жағынан, бүгінгі әлемдік 
ахуалға сай әлеуметтік-психологиялық болмыстағы 
өзгерістерді ескеріп, қазіргі әйел бейнесіндегі тарихи 
түбірлермен қатар, гендерлік саясат пен феминизмнен 
туындаған трансформациялық үрдістер де түйінделді.
- Адам болмысының ер мен әйелден құралған 
амбиваленттілігі ерте кезден әлеуметтік, психологиялық 
және 
физиологиялық 
факторлар 
шеңберінде 
анықталып келді, сондықтан жыныстық ерекшелікті 
ең қажетті рәміздік индикаторларға жатқызсақ бола-
ды. Әйел табиғаты мен мәдениетіне қатысты екі бағыт 
қалыптасты: біріншісі әйел мен ер адам әрекетінің 
жыныстық рөлі түсінігіне құралып, адамның биоло-
гиясы мен генетикалық ерекшеліктеріне негізделсе, 
екіншісі әйел мен ер адамның өмір тәжірибесіндегі 
әлеуметтік және мәдениеттік құрылымдардың 
ерекшелігін құрастырып, осыдан гендерлік мәселені 
тудырады.
-Мәтінде мәңгілік ақиқатты көрсету үшін 
қолданылған мәдени рәміздер көп өзгерістерді бастан 
кешіріп ұжымдық санадағы образдарға айналады. 
Олар этностың дүниетанымын, өмір сүру ерекшелігін, 
талғам-танымын көрсететін рухани мәдениет негізі – 
салт-дәстүр, әдет- ғұрыптардан анық көрінеді. Осыған 
сәйкес, қазақ қоғамы мен дәстүрлі мәдениетінде 
әйелді ана ретінде қастерлеу, қыз ретінде аялау, жеңге 
ретінде сыйлау, жар ретінде сүю сияқты сана сапасы-
мен, сезімталдықпен қарау көзқарасы үстем. 
-Қасиетті кітап Құранда да, әз пайғамбардың 
хадисінде де әйел мен еркектің тең екені айтылған. 
Алайда теңдік пен бірдейліктің екі түрлі екендігін еске-
ру қажет. Олар тең жаратылғанымен, әйел мен еркектің 
бірдей емес екендігі белгілі. Олардың арасында 
физиологиялық әрі психологиялық айырмашылықтар 
бар. 
-Әлемдік 
өркениет 
пен 
жалпыадамзаттық 
мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде Еуразияның 
орталық территориясындағы Ұлы Дала аймағында 
қалыптасқан қазақтың дәстүрлі этномәдениеті қола 
дәуірлерінен бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық 
жалпыадамзаттық 
заңдылықтардың 
динамика-
сы ағымындағы әлеуметтік-мәдени үдерістерді 
бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал 
шаруашылығының ықпалымен орнықты. Үш мың 
жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениет барысында 
ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалған бай рухани және 
мәдени мұрадан, сондай-ақ кейінгі тас дәуірі мен қола 
дәуіріндегі тайпалардың, алғашқы темір дәуіріндегі 
сақ, ғұн, үйсін бірлестіктерінің ерте ортағасырлардағы 
түркі тайпаларының мифологиялық, діни және 
философиялық дүниетанымдарынан, олардағы әйел 
бейнесінің қастерленуінен бірізді тарихи сабақтастық 
байқалады.
- Әйел тіршілікті өмірге әкелуші ана, отбасының күре 
тамыры, шаңырақтың тірегі, ұрпақтың тәрбиешісі, 
қамқоршысы, жарық дүниенің жақсылықтарын жаса-
ушысы адам баласына тек ізгілік, жақсылық тілеуші 
тұлға болғадықтан қазақ қоғамында қатты құрметтелді. 
Ол сәбидің шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап 
(«туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер 
қойнына кірер денең», деп дана Абай айтқандай), 
дүниеден өтердегі жерлеу дәстүріне дейінгі салт-
санадан айқын аңғарылады. Әрбір салттың тұтқасында 
әйел заты жүреді және соның барысынан-ақ қазақы 
әйелдің болмысы аңғарылады. 
- Қоғамдағы өзгерістердің «қазақ әйелі» бейнесінің 
этномәдени сипатына әсер етіп, оларға заманға 
сай ерекшеліктер алып келетіні анықталды. 
Өткен ғасырдың 60-80 жылдары әйел мен ерлерді 
теңестірудің бір жолы ретінде әйелдерді трактордың 
руліне отырғызып, ерлерден қалыспаған қайратты 
әйелдер дәріптелді. Дегенмен қазақ әйелдері мұсылман 
әйеліне ежелден тән отбасы берекесі, балаларының 
амандығы, отағасын сыйлау, туған туыстарына 
қамқорлық, жанашырлық сияқты қасиеттерді барлық 
уақытта алғашқы орынға қойып, қазақ әйелінің нәзік 
болмысын сақтап қалды. Бүгінде «іскер әйел» типінен 
басқа «қанатты әйел» деген де ауыспалы мәндегі рәміз 
жиі қолданылуда. Әйтсе де қазақтың іскер әйелдері 
өздеріне қажетті қасиеттердің негізгілері ұлттық 
ерекшеліктерді ақ сүтімен сіңіре білген өз аналарынан 
дарығанын баса айтады. 
Әлеумет 
пен 
мәдениет 
адам 
болмысын 
қарастырғанда оның жынысына қызығушылығын 
әрқашан көрсетіп отырған. Әйел мен ер адамның 
өзгешелігі ең бастапқы бөлінуді айқындап, алғашқы 
амбиваленттікті 
құрастырған. 
Бұл 
өзгешелік 
әрқашанда 
әлеуметтік, 
психологиялық 
және 
физиологиялық факторлар шеңберінде анықталып 


38
келді, сондықтан жыныстық ерекшелікті ең қажетті 
рәміздік индикаторларға жатқызсақ болады. Оларды 
шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші 
бағыт әйел мен ер адам әрекетінің жыныстық рөлі 
түсінігінде құралады, ол адамның биологиясына 
негізделген. Бұл бағыттағы зерттеушілердің мақсаты 
биологиялық пен генетикалық ерекшеліктерді табуға 
арналған. Бұл ерекшелік, дәлірек айтсақ мақсатты 
әрекет тәжірибесінің ерекшелігі, өте кең, оларды 
бірақ таза биологиялық фактормен түсіндіру мүмкін 
емес. Сол себептен екінші бағыттағы зерттеушілердің 
ынтасын әйел мен ер адамның өмір тәжірибесіндегі 
әлеуметтік және мәдениеттік құрылымдардың 
ерекшелігі құрастырады. Осыдан гендерлік мәселе 
пайда болады [1, 237б.]. 
Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында 
«еркек - әйел» оппозициясының аталатыны белгілі. 
Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің 
асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке 
ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай 
жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді 
де бағындырды. Олар әйелдерді өздерінің жарты-
сы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші 
«мені» ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті 
мәтіндерде дәйектелді. Әйел табиғатын тек бала туу 
қызметіне негіздеу дәстүрі және осы орайда оны толық 
емес, «арнайы қызметі бар ғана жартыкеш адам» деп 
тану Томас Аквинат, М. Монтень, Г. Спенсер және со-
нымен бірге өзге құндылықтағы басымдылықтарды 
насихаттайтын иррационалды бағыттың өкілдерінде 
кездеседі.
Ал Ф. Ницшенің пайымдауынша, әйелдік бастау ер-
лер арасында бір кездері басым болған және ол қазіргі 
заманғы құндылықтардың жасалуына негіз болған. 
Неміс ойшылы «еркектік» пен «әйелдікті» өзгермейтін 
қарама-қарсылықтар ретінде емес, адамның бір-бірін 
толықтыратын қырлары деп таниды. Оның ойынша, 
әрбір адам бойында анасынан дарыған әйел бейнесі 
бар, ол әйел затын құрметтей ме, жек көре ме, жоқ
әлде мүлде немқұрайды қарай ма, осыған байланы-
сты [2]. Ф. Ницше ақыл-ес – әйелдің басымдылығы, 
ал ерлерге ішкі уайым мен құштарлық тереңдігі тән, 
осы шығармашылыққа шексіз құштарлығы арқасында 
ерлер өздерінің әйелге қарағанда кемеліне азырақ жет-
пеген ақыл-парасатын қолдана алады деп есептейді [2, 
321].
Ерлер мен әйелдердің даму эволюциясы олардың 
жағдайлары әртүрлі болуына байланысты түрліше 
жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, әйелдердің жеміс 
тергені тарихтан мәлім. Еркектер қорғау қызметін 
атқарса, әйел бала бағумен айналысқан. Осы бағыттағы 
дамудың нәтижесінде олардың денесі мен санасы 
түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді 
тиімді жүзеге асыру барысында олардың денесі 
қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған 
байланысты еркектер әйелдерге қарағанда биік және 
қайратты бола түскен. Миллиондаған жылдар бойы 
олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін 
талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі 
кездегі ғылыми тәжірибелер балаларды адамдар-
дан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ 
аралда тәрбиелесе де, қыздар бәрібір қуыршақтарын 
киіндірумен, жұбатып, тәрбиелеумен айналысаты-
ны, ал ұлдардың бір-бірімен күш және ақыл-парасат 
жағынан бәсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық 
топ құратыны анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген 
ғалымдардың пайымдауынша, бұның себебі, біздің 
ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-
ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың си-
патын айқындайтын етіп ұйымдастырылған [3, 39б.]. 
Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін 
жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да 
өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. ХХ 
ғасырдың 90жылдары ғалымдар біз дүниеге келген 
сәтте миымызға базалық бағдарламалардың ендіріліп 
қойғанын дәлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер 
ұсынды.
Мириам Шнейрдің анықтамасымен 1792 ж. Лондон-
да және АҚШ-та «Дәуір» кітабы басылды, ол кітап 
әйгілі феминизм зерттеушісі Мэри Уоллетонкрофтікі 
және әйелдердің құқығын қорғауға арналған. Бұл кітап 
ішімдікке салынған әкесінің қатал тираниясының 
куәгері болған, көп қиыншылық көрген әйелмен 
жазылған. Ол сол кездегі дәстүрлі патриархал-
ды тәрбиенің, әлеуметтік жүйенің жайсыздығынан 
әйелдің зорлық-зомбылықпен құлмен теңестірілгенін 
жақсы бейнелеп жазады. Осындай жайдайдың 
қаталдығын мойындаған ол бүткіл әйелдер үшін еркін, 
жақсы өмірді армандаған. «Қыз, әйел және ананың 
моральдық бейнесі» деген кітапта әйелдердің табиғи 
міндеті қалай атқаратылғаны анықталған. Алайда 
олардың қасиетті мақсатының арқасында олардың 
ішкі қабілеттері ашылуы мүмкін [4, 48б.]. 
Осы айтылғандардан мынадай түйіндер шығару 
қажет:
1.Жыныс адамның биологиялық детерминацияла-
натын сипаттамасы, ол қоғамның тікелей әсеріне ғана 
бағынбайды.
2.Гендер фундаменталды ой құрайтын категория бо-
лып табылады және мәдениет контексінде субъектің 
әлеуметтік құрылымына жауап береді.
3.Гендер адам болмысының барлық қырларын 
бейнелейді (гендер әлеуметтік институт тәрізді;
гендер социмәдени құрылым тәрізді; гендер 
әлеуми-демографиялық категория тәрізді; гендер 
идеологиялық құрылым тәрізді; гендер технология 
немесе процесс тәрізді; гендер субъективтілік тәрізді; 
гендер мәдени метафора тәрізді. 
4.Гендерлік әрекет постструктуралистік және 
постмодернистік философия шеңберінде дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет