Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Берн Ш. Гендерная психология. – СПб: Прайм-
Еврознак, 2003. – 236-237 бб.
2. Ницше Ф. Генеалогия морали // Сочинения в 2 т.
– М.: Мысль, 1990. – Т.2. – 320-321 бб.
3. Жизнь и здоровье женщины. – М.: Книжный дом
АНС, 2004. - Т. 2. – С. 39.
4. Уоллетонкрафт М.В. В защиту прав женщин
// Феминизм. Проза. Мемуары. Письма / Под ред.
М.Шнейр. – М.: Прогресс, Литера, 1998. – С. 48.
39
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫ ӘЛЕМНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Құлтанбаева Нұргүл Қалдығұлқызы
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ докторанты
Ақтөбе қаласы
Түйіндеме: Мақалада ертегі дискурсы әлемнің көркем бейнесі элементі ретінде қарастырылады. Ертегі
дискурсына тән табиғат пен адамдағы сұлулықты ашу, эстетикалық, моральдық бірліктер, шындық пен
қарапайымдылықты біріктіру, ашық бейнелілік пен айқындық туралы айтылады.
Тірек сөздер: әлем бейнесі, ертегі дискурсы, фольклорлық жанр, көркем дискурс
Аbstract:В статье рассматриваеются сказочный дискурс как элемент художественной картины мира. Анализу
подвергаются яркая изобразительность и выразительность, соединение реального и вымышленного, единство
категорий эстетики и морали, раскрытие прекрасного в природе и человеке свойственные для сказочного дис-
курса.
Ключевые слова: картины мира, сказочный дискурс, фольклорный жанр, художественный дискурс.
Abstract: This article discusses fairy-tale discourse as the element of literary picture of norld. It is characteristic for
fairy-tale discourse to open something wonderful in the nature and the person, moral, real and clear impressiveness is
opened.
Key words: world picture, fairy-tale discourse, genre, folklore discourse, literary discourse
Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың
қалыптасуына сай тілдің жүйелілік сипаты айқындала
бастады. Яғни, тілді зерттеудің нысанын аналитикалық
тәсіл негізінде жіктеп қарастырудың орнына тілді
зерттеудің практикалық та, теориялық та тұрғыдан
тұтас синтездік тәсіліне көшу үрдісі өріс алуда. Нақты
түрде бұл лингвомәдениеттану, когнитивтік лингви-
стика салаларында іске асуда. Бұл үрдіс түптеп кел-
генде, қоршаған шындықты адамның жүйелі түрде
қабылдауымен тікелей байланысты [1,35 б]. Осын-
дай қабылдаулардың бірі «әлем бейнесі» ұғымы. Бір
географиялық кеңістікте, ортақ шаруашылық түрімен
айналысатын, сенімдері, тұрмыс тіршіліктері ұқсас
адамдардың «әлем бейнесі» жайлы түсініктері
белгілі бір орталыққа ие болып, нәтижесі ұлттық
дүниетанымға ұласады.
Демек, «әлем бейнесі» –мәдениеттегі идеялардың
жиынтығы әрі көрінісі болмақ. «Әлем бейнесі»
ұғымы туралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер
айтылуыда. Солардың бір екеуін келтіре кетсек:
профессор Э.Сүлейменова Әлемнің бейнесі – бұл
ойлау әрекетінің нәтижесі және шарты. Тіл бойы-
на табиғи, климаттық, мәдени және өзге де адам
өмірінің шарттарын білдірер өзгешеліктерді сіңіру
арқылы дамитындықтан, ат қою жүйесінің өзі әлемнің
шексіз болмысын бейнелеуден туындайды» деген
пікір білдірсе, Л.Вейсгербер «Тіл мен философия»
атты мақаласында ғылыми терминологиялық жүйеге
«әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын енгізіп, өзіндік
лингвофилософиялық тұжырымдамасын ұсынды.
Ғалымның ойынша, әлемнің тілдік бейнесін беретін
негізгі сипаттамалар төмендегідей: 1) әлемнің тілдік
бейнесі, біріншіден, этнос пен тілдің тарихи дамуы
нәтижесінде, екіншіден, олардың әрі қарай өзіндік
жолмен дамуынан қалыптасады; 2) әлемнің тілдік
бейнесі біртұтас тірі ағза ретінде айқын құрылымға ие
және тілдік бейнеленуі көпдеңгейлі болып табылады
[2,114 б].
В.Маслова: «Әлемнің тілдік бейнесі – ұлттың
жалпымәдени игілігі, ол құрылымды, көпдеңгейлі.
Дәл осы әлемдік тілдік бейне адамның ішкі әлемі мен
сыртқы дүниені байланыстырушы болып табыла-
ды, адам дүниені қабылдау барысындағы танымдық
қызметінің нәтижелерін тілде бекітіп отырады.
Әрбір тілдің өзіндік концептуалдану тәсілі болады,
сол арқылы әр тілдің өзіндік әлем бейнесі жасалады.
Тілдік тұлға сол бейнеге сәйкес өз айтылымдарын
ұйымдастыруға міндетті. Осы арқылы тілде бекітілген
өзіндік дүниені қабылдауы айқындалады», – дейді [3,
208 б].
Тілді ғаламның айнасы іспетті қабылдатқан В. фон
Гумбольдттың тілдің ішкі формасы жайындағы идея-
сы қазіргі таңда тіл білімінде ұлттық діл және оның
түрлі берілу формаларын зерттеуде қарқынды даму
басымдылығына ие екені де сөзсіз. Бұл, өз кезегінде,
қазақ мәдениетіне тән дәстүрлі рухани құндылықтарды
айқындайтын тілдік жүйелердің жеке бөлімдері
ерекшеліктері зерттелуімен түсіндіріледі және оған,
ең алдымен, қазақ тіліндегі ауыз әдебиетінің мұралары
тікелей қатысты деп санаймыз. Өйткені халықтың,
этностың рухани құндылықтарын айғақтайтын ең ба-
сты дүниетанымы тілдік құндылықтар арқылы көрініс
бермек [4,5 б].
Біздің зерттеуіміздің нысаны бізге динамикалық
когнитивтік және тілдік қызмет ретіндегі, ертегі
мәнмәтінінде жазылған, эпикалық түрдегі ертегілік
категориясының өлшемдері бар мәтін болмақ.
Ласкавцеваның анықтауынша бұл мәтін халық ауыз
әдебиетінің ауызша немесе жазбаша түріне қатысты.
Ол қиялға негізделген және рәміздер, кейіпкерлер,
семантикалық кеңістік сияқты тілдік құралдар
жүйесінде халықтың ұлттық ерекшелігі көрініс беретін
ерекше образдардың қатысуымен құрылған.
Адам баласы ерте замандарда маңайындағы дүниенің
жасырын сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың
барлығына Құдай деп табынған. Олардың әрқайсысы
туралы арнаулы әңгімелері болған. Заман өткен сай-
ын ақыл, білім өскен соң, ол табиғат құбылыстарының
Құдай емес екендігін байқап білген. Сондықтан олар
жайындағы әңгімелер бұрынғы сипатынан айырылып,
кейінгі айтушылардың аузында ертегі болып кеткен.
Өмірде болмайтын істер, қиялдың көтеріліп сурет-
теген әңгімелері деп танылған. Қазақ ертегілерінде
кездесетін жалмауыз, диюлар, мыстан кемпірлер
араласқан әңгімелердің барлығы да сондай қиялдың
40
жемісі. Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының
бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған,
көркемделген түрі, яғни, фольклордың көркем проза-
сы. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге
эстетикалық ләззат беру. Ертегінің қызметі кең: ол әрі
тәрбиелік, әрі көркемдік - эстетикалық рөл атқарады.
Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен
шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті
– сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп
баяндау. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу
тарихы өте ұзақ. Жалпы ертегілердің пайда болып,
қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп
ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі
ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған,
сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған.Ертегіде
қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан
ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама,
өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял
адамның күнделікті өмірде көріп жүрген заттары мен
құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді,
өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнеленуіне
құрал ретінде қолданылады [5, 118 б].
Қазіргі уақытта ертегіге деген зерттеушілік
қызығушылық
үздіксіз
өсуде.
Басқа
ешбір
фольклорлық жанр әдебиетте дәлме- дәл көрініс бер-
ген жоқ. Ал зерттеу пәні әлі күнге дейін аяқталып
болмады. Ертегіні зерттеудің ерекше саласы ретінде,
тілдің спецификалық сферасы оның өзіне лайықты
просодикалық, лексикалық және синтаксистік
ерекшеліктерімен, ертегіде бекітілген әлемнің ерекше
бейнесімен қарастырады.
Қазіргі ғылымда ертегі дискурсын зерттеу жеткілікті
түрде қарастырылған жоқ. Тек қана ертегі және орыс
ертегісі бірінші кезекте ертегі сюжеті мен оны құрайтын
бөлшектердің мән- маңызын тереңдей қарастырған
ғалым В.Я. Пропптың жұмысы дискурс талдаудың
бастаушы жаңа бағыты болды. Ертегі дискурсының
мазмұнын дәстүр бойынша былайша түсіндіруге бола-
ды, яғни ертегі дискурсының жанрлық қатысына қарай
жан-жануарлар туралы ертегі, таңғажайып ертегі
және тұрмыстық ертегі және т.б. Дискурстың түрлі
типтерін сәйкестеу заңын орнату сызбасы кешенді
сипатқа ие және үнемі олардың өзара қатынасын ашу-
ды толықтырардай болжам жасай алмайды. Әсіресе,
аталмыш пайымдау көркем дискурсқа қатысты, сол
сияқты оның тақырыптық толықтырылуы тұрмыстың
түрлі саласында сәйкестеліп толығуы мүмкін.
Дискурстың түрлі типтерінің өзара қатысы
жүйесін, олардың ұқсастықтары мен сәйкессіздігін
келесідей мазмұнды белгілері бойынша қарастыруға
болатындығын Н.А.Акименко былайша көрсетеді:
1. Общее/единичное. Общему содержанию дискурса
соответствует множество, то есть более одного явле-
ний или жанров.
2) абстракное/ конкретное. В первом случае содер-
жание дискурса абстрагировано- например, дискурс
борьбы, резистантный дискурс, дискурс угрозы, дис-
курс насилия и т.д. Во втором случае дискурс мыслит-
ся как самостоятельно, реально существующий – на-
пример, дискурс В.Путина;
3) позитивное/ негативное. Позитивное содержание
указывает на присутствие определенного признака,
негативное – не его отсутсвие. Например, дискурс не-
насилие составляет оппозицию дискурсу насилия, а
дискурс осуждения – дискурс похвалы и комплимента.
4) соотносительное/ безотносительное. Соотноси-
тельное содержание дискурса подразумевает суще-
ствование другого, парного дискурса – например, муж-
ской и женской дискурс. Безотносительное не связано
какой- либо парностью – например, компьютерный
дискурс.
5) собирательное/ несобирательное. Признаком со-
бирательного является единство, целостность, несо-
бирательного – отдельность, единичность. Например,
политический дискурс и дискурс политики;
6) совместимое/не совместимое. Совместимое со-
держание дискурсов имеют частично или полностью
совпадающие объемы. Несовместимые дискурсы не
имеют общих элементов в своих объемах [6, 67 б].
Ертегі дискурсы абстрактілі, оның мазмұны
әлеуметтік тәжірибе барысында кеңейген және
байыған. Ертегі дискурсының мазмұны позитивті,
ғажайыптарды эстетикалық тұрғыдан түйсінуге
бағытталған, онда прагматикалық көңіл көтерушілік
бағыт бар. Ертегі дискурсының мазмұны қандай да бір
оқиғаға қатысты, мысалы, шындыққа жақын әңгіме
дискурсына ұқсас. Ертегі дискурсы композиция-
сы бойынша, ішкі мәтіндік байланыс және жанрлық
канонның жинақталған саны бойынша жинақтық бо-
лып табылады.
Сәйкестелген дискурс мазмұнының көлемі
түрлі мәндегі дискурс мазмұны бойынша бөлінгенімен
көлемі бойынша сәйкес келеді. Мысалы, «мейірім»
мен «жауыздық», «жақсылық» мен «жамандық»,
мәселелері қарастырылатын Ю.Хабермастың этикалық
дискурсы дискурстағы діни және зайырлылықты
(тұрмыстық, ресмилік, көркемдік) қарастырады.
Бағыныңқы дискурста дискурстың бір компоненті
бір мезгілде басқа компонентіне айнала алады, бірақ
барлық соңғы компонент бірінші компонент болып та-
былуы барлық жағдайда бірдей емес. Мысалы, ғылыми
дискурс> қорғау дискурсы> диссертанттың дискурсы>
оппоненттің дискурсы> арнайы емес жарыссөздегі
баяндамашының дискурсы және т.б. Дискурстың
көлемі кішірейген сайын оның мазмұны кеңейеді.
Жалпылауға өту, яғни дискурстың көлемінің ұлғаюы
дискурс мазмұнының тарылуы арқылы жүреді.
Сәйкес келмейтін (не совместимие) дискурстың
көлемінде ортақ элементтер болмайды. Мысалы,
әдеби-көркем дискурста біріктірілген прозалық және
поэзиялық дискурс бар. Қарама- қарсы дискурстар
(мысалы, ер мен әйел) өздеріне ортақ (гендерлік) дис-
курс көлеміне кіреді, бірақ олардың көлемі бірін-бірі
жойып отырады. Бұл жағдайда біреуінің элементі
олардың бірнеше белгілеріне ие болса, онда екіншісінің
элементі бұл белгіні жоққа шығарып, оны басқа эле-
мент алмастырады. Қарама- қарсы дискурстың көлемі
жинақталу барысында оларды біріктіруші дискурстың
көлемін толықтыра алмайды. Мысалы, айыптау дис-
курсы мен мақтау, мадақтау дискурсы.
Ертегі дискурсының дискурстың басқа түрлерімен
сәйкестілігі/ сәйкеспеушілігі. Генетикалық байла-
нысы және дискурстың туыстық ортақтығы ретінде
көрінеді. Шындығында да ертегі дискурсы ежелгі
41
коммуникативтік байланыс екендігі анық. Ол
дискурстың көптеген түрлерімен байланысып жатыр
(діни, саяси, театрлық, педагогикалық, жарнамалық.
Т.б.). Ал ертегі дискурсының негізгі ортақтықтары
мен туыстық жағы әдеби-көркемдігімен белгіленеді,
дәстүрлі қалыптасқан әдеби-көркемдік дискурс
фольклорлық және жеке әдеби-авторлық дәстүр
(эпикалық, лирикалық, драмалық формадағы) болып
табылады.
Халық ертегісі ертегі дискурсының ядросы ретінде
эпостың көне түріне жатады. Осының негізінде ертегі
дискурсын әдеби-көркемдікпен сәйкестігімен және
оған бағынышты фольклор жанрымен түсіндіруге
болады. Пропптың пікірінше, жанрға қарағанда
ұғым неғұрлым кең, ертегі шығармада шындықты
қарабайыр-фантастикалық
трансформациялаудан
символикалық және философиялық қайта ойластыруға
дейін өте ұзақ кезеңді бастан өткерді, ұзақ жолдан өтті.
Халық шығармашылығын құру кезінде ол өз дәуірінің
идеологиялық және көркемдік заңына бағынып, әдеби
шығармаға айналып кетті. Осыған байланысты ертегі
дискурсын тек әдеби-көркем дискурс құрамына кіретін
дара жанр ретінде қарау мүмкін емес [7, 97 б].
Ертегі дискурсының жанрлық кеңістігі де оның
жүйелі- бейнеленген белгілері мен интенционал-
ды ерекшеліктеріне орай тарылған. Осыдан келіп
мазмұнына фольклорлық және әдеби шығарма кіретін,
өзіне ертегілік категория өлшемдерін қабылдаған
(эпикалылық, қарапайымдылыққа құрылған, ғажайып,
эстетикалық, көңілділік) ертегі дискурсы қайта
өңделген әдеби-көркемдікпен сәйкестелген деп
қарастырылуы мүмкін.
Ертегі дискурсында халықтың көркемдік талғамы
көрініс береді. Ертегі дискурсы ғасырлар бойы ертегі
айтушы шеберлердің шығармашылығында реттел-
ген, сондықтан ол сұлулықтың эстетикалық сезімін,
сезім формасын, тіл мен ритмді дамытады. Ертегі
дискурсының күші өнердің барлық түрлерін дамы-
ту үшін үлкен мәнге ие. Олар: әдебиет, бейнелегіш,
көркемдегіш өнер.
Көптеген ұлы жазушылар мен сазгерлердің
шығармашылығы халық поэзиясымен тығыз бай-
ланысты. Ертегі дискурсына табиғат пен адамдағы
сұлулықты ашу, эстетикалық, моральдық бірліктер,
шындық пен қарапайымдылықты біріктіру, ашық
бейнелілік пен айқындық тән. Осының бәрі әлем
бейнесіне жатады және неліктен халық өнері адамға
көбірек эстетикалық рахат сыйлайды дегенді
ұғындырады.
Достарыңызбен бөлісу: |