42 Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып,
оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы болды. Сонымен қатар, қазақ тіл білімі мен фонетикасымен
қатар қазақ әдебиетінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ ауыз
әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сүзгіден
өткізіп, 1926 жылы«23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялаған
болатын. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихын зерттеу
барысында жазған тұңғыш көлемді еңбегі –1926 жылы жазылған«Әдебиет
танытқыш». Бұл туындысы кітап болып, баспадан шығып, балаларға оқулық
ретінде қолданысқа берілген болатын. Қазіргі таңға дейін жеткен бұл туынды
да әдебиет теориясы мен әдебиет жанрлары, әдебиеттегі талдау жұмыстары
толығымен берілген. Мәселен, көркем сөз өнерінің табиғаты, қыры мен
сыры, мазмұны мен ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар
жайлы жан-жақты зерттеулер мен тұжырымдар толығымен, анық әр нақты
дүниелермен талданып, сұрыпталып жазылған еңбек еді. Бұл еңбегінде
Ахмет Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік,
қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік
әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі
ағымдар мен әдістер жайлы ой-түйіндер айтылған. «Әдебиет танытқыш»
кітабының бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады. Онда көркем
сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл
әуезділігінің шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», «өлең айшықтары»,
«шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы»
болып өлең жолдарын парша-паршасын шығарып талдау сөз етіледі. Ал,
екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем
қара сөз табиғаты, оның тараулары - шежіре, замана хат, өмірбаян,
«мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі - мәнді әліптеме, сәнді
әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері - пән, сын,
шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз
көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің
«сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маңызды. Онда
сыншылреализм шығарма құрылымы туралы алғашқы пікірлер нышанын
кездестіруге болады. Әдебиеттіні зерттеу барысында өлең шумақтарын,
шығарма мен әңгімелерді, үлкен көлемде романдарды талдау барысы
көрсетілген. Қазақтың Ахаңы, маңдайына біткен бағы Еуропа жұртындағы
сындарлы әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ
көркем сөз ізденістеріндегі сәйкестік пен үйлесімділік тапқанын айтады.
Әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп
қарамай, барлық халықтар әдебиетімен салыстырып, талдап, сұрыптап ортақ
сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Осы кітапқа жазған барлық
ақпараттарды оқып көрсең Ахмет Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын
жетік білетінін осы еңбегінен айқын байқауымызға болады. Сөз өнерінің
көне дәуірдегі үлгілері, ХV-XVII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының
біразы Ахаңның назарына іліккен болатын. Асан Қайғы, Нысанбай жырау,