0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет50/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

43 
 
Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, 
Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, 
Орынбай, Шернияз т.б. ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділерін 
көруімізге болады. 
Ақын, аудармашының басты өлеңдері мысал өлеңдерінің ішінде 
мағыналық, тәрбиелік мағынасы бар қоғамда орын алып жатқан дүниелерді 
мысал арқылы астарлы түрде айтып отыр.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса. 
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, 
Дегенмен, қара яки қызыл маса. 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса? 
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» - шынайылық пен
сергектікті, қоғамдағы үздіксіз қозғалысты, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін 
астарлы бейнені ашып көрсетіп тұр. «Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», 
«Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен» деген жолдардан ұйықтап жатқан 
халықты, бойдағы жалқаулықты, енжарлық пен таяз ойлаушылықты жоюға 
қызмет ететін астарлы түрде берілген мысал жанрының негізінде жазылған 
өлең. «Маса» мысал өлеңінің негізгі идеясы – қара халықты оқуға, өнер-
білімге, рухани бай болуға, көз ашық көреген адам болуға, еңбек етуге 
үндейді. Ызыңдап жүріп, жұртшылықты оятып,
«Көзіңді аш, 
оян қазақ
, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жеркетті, діннашарлап, хал арам боп,
Қарағым, ендіжатужарамас-ты» - дегендей Міржақып Дулатовтың жыр
жолдарымен үндеседі.Елдің ауыр халін аз да болса жеңілдету жолдары 
туралы ойланғанда Ахмет бұрын қалыптасып дамыған ағартушылықтың 
мақсат-мұраты арнасында ой өрбітеді, ұйқыдан оянып, білім-ғылымға, өнерге 
ұмтылу қажеттігін, оянған ерге еру керектігін еске салады. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың жазушысы, ақын, қазақтың бес арысының 
бірі, Алаш қозғалысын қолдаған бойында потриоттық сезімі жалындап 
тұрған қоғам қайраткері. Сонымен қатар, аудармашы. Бұған дәлел, артына 
қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма. Ол орыс 
халқының классиктерін талдап, шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем 
әдебиеттегі қазынаның бұл саласын байытуға өте мол үлес қосқан 
аудармашы. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып
«Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ етіп бастырып шығарған болатын. 
И.И. Хемницердің «Ат пен есек», А.Пушкиннің «Балықшы мен балық», 
«Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармалары, сонымен 
қатар, «Адамдық диқаншысы», «Егіннің бастары» атты мысал өлеңдері және 
орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңдерін қазақ тіліне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет