Медицина кафедрасы



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата18.05.2022
өлшемі495,18 Kb.
#143766
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)

Тамшылар (Guttae)
- ерітінділердің бір түрі нағыз және қоюлы. Тамшылар 
ішке де сыртқа да тағайындалады. Емдеу тәжірибесінде тамшылар ішкі ден гөрі 
сыртқы мақсаттарға жиі қолданылады. Тамшылар құлақтық, мұрындық, көздік 
болып бөлінеді: соңғылары асептиканы талапетеді. Малға арналған тамшылар аз 
көлемде: 10-15-20 мл жазылады. Мұрын және құлақ тамшыларын дайындағанда 
еріткіш ретінде су, спирт, глицерин алынады. Мұндай құрамдағы құлақ 
тамшылары жазып берілсін: 0,5 глицеринді таза фенол (Phenolum purum), 
барлығы 10,0 
Rp.: Phenoli puri 0,5 
Ylycerini ad 10,0 
Misce, fiat solutio. 
D.S. Екі құлаққа екі тамшыдан. 
Көз тамшыларын дайындауға (Yuttae ophthalmici) және қолдануға 
айырықша талаптар қойылады. Көздің дәнекер қабықтарына түсетін 
микроорганизмдер бұзылыс әрекетіне ұшырайды. Қабыну процестері кезінде, 
яғни көз ауырғанда көз жасында лезоцим өте аз болады да көздің дәнекер 
қабықтары микроорганизмдердің әсерінен қорғаныссыз қалады. Мұндай 
жағдайларда залалсыздырылмаған тамшымен көздің көру қабілетінің толық 
жоюлуына дейінгі ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. 
Көз тамшылары залалсыздандыруды пайдаланып, бұза алмайтын егу 0,01 % 
хлорэтанолмеркурий, бензилді спирт (0,9) нилагин 0,1 % қоса отырып және 
асептикалық жағдайларда дайындалады, мұның әрі көп реттік қолдану үшін де, 
сақтап қою үшін де ескерілуі тиіс. Көз тамшыларының осмотикалық қысым 0,9 
проценттік хлорлы натрийдің изотондық ерітіндісіне сәйкес келуі тиіс. Хлорлы 
натрий дәрілік затпен үйлеспейтін жағдайда үйлестіретін басқа заттар натрий 
сульфиті немесе натрий нитраты қолданылады. Ұзартқыштығын әсер ету мерзімін 
және жабысқақтығын арттыру үшін поливинилді спирт, карбоксиметилцеллюлоза 
натриі, метилцеллюлоза 0,1 проценттік ерітінді қолданылады. 
Мысал. 10 мл атропин сульфатының 1 проценттік ерітіндісін, көз 
тамшылары жазып берілсін.
Rp.: Solutionis Аtropinі sulfatis Ophthalmicae 1% – 10ml 
D.S. Тәулігіне 3-4 рет көзге 2-3 тамшыдан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет