Медицина кафедрасы



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата18.05.2022
өлшемі495,18 Kb.
#143766
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)

Сығындылар Extracta
(жек.түр. ат. cепт. - Extractum; іл.септ.жек.түр. - Extracti)
 

тұнбаларға қарағанда әлдеқайда құнарландырылған алынымдар. Сығындылар 
галендік дәрі-дәрмектердің үлкен тобы.
 
Консистенцияға қарай сығындылар болады: 
1.
сұйық - Extractum fluidum 
2.
қою - Extractum spissum 
3.
құрғақ - Extractum siccum 
Сұйық 
сығындылар 
тұнбалар 
сияқты 
әдістермен: 
мацерациялық, 
перколяциялықпен дайындалады, олар сондай-ақ құрғақ сығындыны еріту 
арқылы да дайындау мүмкін. Сұйық және құрғақ сығындылар бөлме 
температурасында, ал қою 8-12 градус температурасында сақталады. Сығындылар 
1:1 теңдігінде дайындалады, яғни сұйық сығындының бір көлемдік бөлігінде 
өсімдіктің бір таразылық бөлігінде болатындай әсер етуші зат болуы тиіс. 


Қою және құрғақ сығындылар сұйық сығындыны вакумде белгілі бір 
мөлшерде қолданға дейін немесе толық кептірілгенге дейін булану жолымен 
дайындалады.
Сығындылар өсімдік шикі затынан биологиялық белсенді заттың алынуына 
көмектескен экстрагенттер бойынша бөлінеді: су сығындылар (Extracta aquosae), 
спирттік сығындылар (Extracta spirituosae), эфирлі сығындылар (Extracta aetherае) 
Сұйық сығындылар тек қана спирттік болады. 
Сығындылар жазылып беріледі:
а. сұйық сығындылар тұнбалар сияқты жазылады;
б. усыз өсімдіктерден дайындалған қою сығындылар көбіне домалақтанған 
дәрілік қатарына жатады да таза күйінде қабылдана береді;
в. Құрғақ сығындылар көптеген дәрілік түрлерде кәдімгі құрғақ зат ретінде 
жазылады (ұнтақтарда, домалақтанған дәрілерде, болюстерде т.б.)
Сұйық сығындыға берілетін рецептің үлгісі: 
Мысал. Иттің қабылдауына 20 мл-ден ит шомырт сұйық сығындысы 10 
қабылдауына жазып берілсін. 
Rp.: Extracti Frangulae fluidi 200 
D.S. Ауыз арқылы, бір ас қасықпен күніне үш рет қабылдауға. 
Қою сығындылар көбіне домалақтанған дәрі түрінде қабылданады (Massa 
pilularum). 
Мысал. Домалақтанған дәрі түрінде 0,015-тен чилибуханың құрғақ 
сығындысын жазып берілсін. 
Rp.: Extracti Strychni spissi 0.015 
Pulveris Liguritiae g.s., ut fiat pilula 
D.t.d. №30 
S. Ауыз арқылы екі пилюльден қабылдауға. 
Құрғақ сығындылар ұнтақ түрінде немесе басқа дәрілік түрлерімен бірге жазып 
беріледі.
Мысал. Иттің қабылдауына 5,0 ден рауғаштың құрғақ сығындысы жазып 
берілсін ұнтақ түрінде 3 рет қабылдауға жазылсын. 
Rp.: Extracti Rhei sicci 15,0 
D.S. Ауыз арқылы, бір шай қасықпен күніне 1 рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет