Байланысты: praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)
Шырыштар (жек.түр - Mucilago; іл.сеп.жек.түр. - Mucilaginis)
г идрофильдік
кұлдерге ұқсайтын, қою жабысқақ сұйықтар шырыштар деп аталды. Шырыштар
өсімдік шикі заттарынан ( тұқымдардан және тамырлардан) шырышты заттарды
сумен бөлу немесе шайырды еріту жолымен алынады. Бұл сулы алынымдар
тұндырмалар мен қайнатпалардан негізделген жоғары тұтқырлығымен
ерекшеленеді.
Мысал. Шырышты мыналардан дайындайды:
1.
алтей тамырынан – radix Althacae
2.
зығыр тұқымынан– semen Lini
3.
салеп түйнегінен– Tuber Salep
4.
крахмалдан - Amylum
Шырыштар негізінен жараны тез жазатын және жұмсартатын, қабынуға қарсы
заттар ретінде қолданылады, оларды сондай-ақ умен улану кезінде тағайындайды,
тітіркендіргіш заттарға (мысалы, тік ішекпен беру кезінде хлоралгидратқа) 10
еселік өзара қатынаста қосады. Шырыштарға рецепт қысқартылған түрде
жазылады. Рецептерде шырыштарды жалпы көлемі граммен көрсетіледі.
Мысал. Сиырға зығыр тұқымын 100,0 мөлшерде алдынғы карындарының
жиырылу кызметінің толық жойылуында (атония рубца) бір рет қабылдауға
жазып беріңіз.
Rp.: Mucilaginis semenis Lini 100,0 D.S. Бір рет қабылдауға Мысалы. Жылқыға крахмал шырышымен бірге 40,0 хлоралгидрат (Chloralum
hudratum) клизма түрінде беру үшін жазып берілсін.
Rp.: Chlorali hуdrati 40,0 Mucilaginis Amyli 400,0 Misce, fiat mixturаe. D.S. Тік ішекке бір рет беруге.