semen cucurbitae, зығыр тұқымы - semen lini және тазартылған су - aqua destillata.
Майлы немесе жалған эмульсиялар өсімдік майдан,
эмульгатор және судан
тұрады. Өсімдік майлар: күнбағыс майы- oleum helianthi, зығыр майы - oleum lini,
кастор майы - oleum ricini, бадам майы - oleum amygdalari, шабдалы майы - oleum
persicori. Эмульгатор ретінде желатоза - Yelatosa немесе жұмыртқа сарысы -
Vitellum ovi қолданылады. Май қанша алынса,
желатоздан да сонша немесе
майдың жартысындай бөлігі, ал жұмыртқаның сарысын 15,0 майға бір
жұмыртқаның сарысы есебімен алады.
Ереже. Егер рецептіде
эмульгатор көрсетілмесе, онда фармацевт оны өз қалауы
бойынша таңдайды.
Майлы эмульсияны тұқымдық эмульсия сияқты 1:10 ара қатынаспен
дайындайды. Эмульгатор есепке алынбайды. Эмульсияларды қағаз сүзгілер
арқылы сүзуге болмайды, өйткені олар май тамшыларын ұстап қалады.
Сора мен
көкнәрдан эмульсияларды қабықтарын алмай дайындайды, ал асқабақ
тұқымынан қатты қабығын алып тастағаннан кейін дайындайды.
Жұмсақ
қабықшаны ыстық сумен келіге үге отырып ұнтақтайды да дәке арқылы сүзеді.
Эмульсияларды екі әдіспен, рецепте қосылған заттардың бәрін толық
көрсете отырып, немесе қажетті эмульсияларды ғана
көрсетіп отырып қысқаша
жазады.
Тұқымдық эмульсияға рецепт жазудың мысалдары.
Мысал. Бұзауға бір рет қабылдау үшін эмульсия түрінде 2,0 көкнәр тұқымы
(semen Сanabis) жазып берілсін.
Толық түрде
Rp.: Semenis Сanabis 20,0
Aquae destillatae ad 200 ml
Misсe, fiat emulsio
D.S. Бір рет қабылдауға.
Қысқартылған түрде
Rp.: Еmulsionis semenis Сanabis 200 ml
D.S. Бір рет қабылдауға.
Майлы эмульсияға рецепт жазудың мысалдары.
Мысал. Бұзаудың бір рет қабылдауына эмульсия түрінде 15,0 мөлшерде кастор
майы жазып берілсін.
Толық түрде
Rp.: Olei Ricini 15,0
Vitelli ovi 1
Aquae destillatae ad 150 ml
D.S. Бір рет қабылдауға.
Қысқартылған түрде
Rp.: Emulsionis olei Ricini 150 ml
D.S. . Бір рет қабылдауға.