қойып қояды, одан кейін перколятордың кранын 1 бөлікке жалпы көлемінің 1/48
бөлігі ағатындай есеппен ашып қояды. Перколятордан түссіз сұйық перколят
бастағанда сүзілу әрекеті аяқталады деп саналады. Перколяторлар қалайланған
мыстан немесе темірден және алюминийден жасалған цилиндрлік немесе
конустық ыдыстар, ал лабораториялық перколяторлар шыныдан дайындалады.
Еріту әдісі - Тұнбаларды құрғақ немесе қою сығындыларды сәйкес
шоғырлану спиртте еріту жолымен алу. Тұнбаларды еріткеннен кейін сүзеді.
Тұнбалар болуы мүмкін: 1. Тұнбалар қандайда бір жеке дәрілік шикі заттан
дайындалған қарапайым болады. Мысалы, лимонниктің тұнбасы (Тinctura
Schizandrae) 1:5 ара қатынасында лимонниктің тұқымынан (Schizandraе chinensis)
95-градустық спиртте дайындалады. 2. Күрделі тұнбалар бірнеше дәрілік шөптен
дайындалады. Шикі заттың белгілі бір көлемі алдымен ұнтақталып, мұқият
араластырылады да, содан кейін ғана үстіне бөлуші зат құйылады.
Тұнбаларды рецепт жазып беру үшін білу қажет:
1.
тұнбаның бір рет қабылдайтын мөлшерін (тамшылар немесе мл);
2.
қабылдау саны;
3.
тұнбаның бір рет қабылданатын өлшемі немесе көлемі;
Ереже:
егер тұнба қабылдауға тамшылармен жазылатын болса, онда
рецептерде бір қабылдауға қанша тамшы жазылса, сонша миллилитр көрсетіледі.
Тұнбаларға
рецепт
қысқартылған
әдіспен
жазылады.
Мысал: Итке 20 тамшыдан қабылдау үшін аралия тұнбасы жазып берілсін.
Rp.: Tincturae Araliae 20 ml
D.S. 20 тамшыдан, күніне бір рет.
Мысал: Сиырға 10 мл-ден қабылдау үшін жусан тұнбасы 10 рет қабылдауға
жазып берілсін.
Rp.: Tincturae Absinthii 100 ml
D.S. Бір орташа қасықпен қабылдауға.
Есеп: тұнбаларды мл-мен жазып беруге бұл ереженің қатысы жоқ сондықтан мл
есепке алынады, бір қабылдауға 10 мл, ал 10 қабылдауға 100 мл керек.
Достарыңызбен бөлісу: