329
ойлап
табудың
орнына,
сөздің
морфологиялық
құрылымы
мен
грамматикалық маңызын қабылдаудағы қиындыққа байланысты аграмматизм
пайда болады.
Сөз қорының шектелуі және грамматикалық жалпылаудың жеткіліксіз
дамуы оқығанды түсінудің қиындығына соқтырады.
Сонымен, дислексия механизмдері ретінде фонематикалық қабылдаудың
(фонемді ажырату), фонематикалық талдау мен жалпылау, сөйлеу тілінің
лексикалық-грамматикалық құрлымының қалыптаспағандығын қарастыруға
болады. Дислексия негізінде тілдік жалпылаудың (фонематикалық,
морфологиялық, синтаксистік) жетілмегендігінен пайда болады.
Оқудың бұзылуының психолингвистикалық аспектіде дислексия оқу
үрдісінің түрлі операцияларының (көріп қабылдаудың және әріпті
ажыратудың, фонемді талдаудың, дыбыстың буынға бірігудің, буындардың
сөзге, сөздің сөйлемге синтезделуінің, мағынамен сәйкестенудің) бұзылысы
ретінде қарастырылады.
Дислексияның келесі механизмдерін атауға болады: 1) сенсомоторлы
операциялардың қалыптаспағандығы (әріптің көріп-кеңістікті талдануы және
сөзде олардың сәйкестенуі); 2) тілдік операциялардың дыбыс, буын,
сөздермен және мәтіндегі сөйлемдердің операцияларының (фонематикалық,
морфологиялық,
синтаксистік
деңгейдің)
қалыптаспағандығы;
3)
семантикалық операциялардың бұзылысы (мағынамен сәйкестендіру).
Достарыңызбен бөлісу: