370
- 4-5 жастағы балалардың ересектермен қатынас жасауының негізгі түрі
ситуативтік-іскерлік болып табылады, яғни жас ерекшелігіне сай емес.
ЖСТД балаларға жалпы соматикалық әлсіздігімен қатар қимыл аясының
дамуындағы кейбір кешеуілдеулер тән; қимылдарының тепе-теңдігі әлсіз,
қимылды орындау жылдамдығы мен дәлдігі төмен. Сөзбен нұсқау бергендегі
қимылдарды орындауда балалар өте қиналады.
Г. Р. Шашкина, Л. П. Зернова, И. А. Зиминаның (2003) зерттеулері
бойынша, ЖСТД балаларда моторикасының барлық түрлерінде – жалпы,
мимикалық, ұсақ және артикуляциялық қимылдардың тепе-теңдігінің
жеткіліксіздігі байқалады. ЖСТД III деңгейіндегі балаларды моторлы аясын
тексеру нәтижесі бойынша үш топқа бөлуге болады:
- Моторлы аясының даму деңгейі төмен - 23,5%;
- Орта деңгейдегі – 28,55%;
- Жоғары – 48%.
Моторлы аясының даму деңгейі төмен балаларда қимылдың бір
түрінің екіншісіне ауысуда қиындықтар кездеседі, қимылдардың статикалық
және динамикалық тепе-теңдігі жеткіліксіз, қимылды есте сақтауы
жеткіліксіз және ерік зейінінің деңгейінің төмендігі байқалады.
Моториканың даму деңгейі орташа балаларда кейбір сынақтарды
орындаған кезде қосымша қимылдар жасауы байқалады, тапсырма орындау
үшін олар ұзақ уақытты қажет етеді. Сөздік нұсқау бойынша тапсырмаға
қарағанда,
тапсырманы
көрсету
бойынша
орындауы
жоғары.
Моторикасының дамуы жоғары деңгейдегі балалар жас мөлшеріне
жақындатылған: ұсақ және артикуляциялық моторикасы жақсы дамыған.
Мұны, мектепалды даярлық топ балаларымен түзету жұмысы ұзақ уақыт
жүргізілгендікпен түсіндіруге болады.
ЖСТД балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау
барысында алынған мағлұматтар логопедтің осы балалармен оқу процесін ең
тиімді жүйе бойынша жоспарлауға және әр балаға арналған түзетудің жеке
әдістерімен тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: