424
изоиммундық, аутоиммундық және гаптендік анемиялар болып
бөлінеді.
Изоиммундық гемолиздік анемиялар организмге құйылған
қанның топтық, резус факторлық т. б. сәйкессіздіктерінде
дамиды. Біріншісі (АВО) тобы
бойынша сәйкес емес қан
құйғанда байқалады. Екіншісі резус-оң нәрестелерде резус-
теріс
аналардың
организмінде
түзілген
антирезустық
антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі, сөйтіп
жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды.
Аутоиммундық гемолиздік анемия
эритроциттердің сыртқы
беттерінде өз антигендеріне қарсы арнайы антиденелердің
болуымен
байланысты.
Бұл
антиэритроциттік
аутоантиденелердің
қалыптасу
негізінде
иммундық
шыдамдылықтың (толеранттықтын) жоғалуы жатады. Бұл кезде
иммуно-циттердің
соматикалық
мутациясы
нәтижесінде
эритроциттердің
қалыпты
антигендеріне
антиденелер
өндіріледі.
Гаптендік
гемолиздік
анемия
дәрілермен,
кейбір
химиялық заттармен байланысты дамиды. Кейде антиденелермен
дәрілер
(пенициллин)
эритроциттердің
сыртқы
бетінде
байланысып, гемолиз шақыра алады. Басқа жағдайларда
(фенацетин,
парааминосалицил қышқылы, сульфаниламидтер т.
б.) түзілген антиденелер (IgG, IgM) қанайналымдарындағы
бос айналып жүрген дәрілермен қосылады да, иммундық кешен
(ИК) (антиген (дәрі) + антидене) құрады. Бұл ИК қан
жасушалаларына жабысады да, комплементті әсерлендіріп,
гемолиз туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: