427
● бұл кездерде әсерленген бір ядролы фагоциттер темір
иондарын артық байланыстырып алады. Өйткені созылмалы
қабыну кезінде макрофагтардан босаған интерлейкин-1 көптеп
қанға түседі де, нейтрофилдерден лактоферрин босауын
арттырады. Ол бос темір иондарын
бір ядролы фагоциттерге
тасымалдайды. Содан темірдің тапшылығы байқалады
● бір ядролы фагоциттер созылмалы қабынулар кездерінде
эритроциттердің артық ыдырауын туындатуы ықтимал. Осыдан
эритроциттердің орташа тіршілік ұзақтығы қысқарады. Осы
көрсетілгендердің нәтижесінде
созылмалы қабыну анемия
дамуын туындатады. Бұл анемиялар гипорегенерациялық,
нормоциттік немесе микроциттік анемияларға жатады.
Тапшылықты анемиялар
Эритроциттердің
өндірілуіне
қажетгі
заттардың
жеткіліксіздігінен
тапшылықты
анемиялар
дамиды.
Бұл
анемиялардың ішіндегі кең тарағандары:
●
теміртапшылықты анемиялар;
● витамин В
12
-тапшылықты және фолий қышқылы тапшылықты
анемиялар;
● нәруыздар тапшылықты анемиялар - организмде (ашығу,
ас
қорыту ағзаларының аурулары, қатерлі өспелер т.
б.кездеріндегі)
нәруыздардың
түзілуі
бұзылыстарынан
дамиды. Сол себептен ұзақ мерзім ашығудан немесе
нәруыздары аз тағаммен сапасыз қоректенуден (жас балаларда
нәруыздық-калориялық
жеткіліксіздік
кезінде),
кейін
анемиялар жиі дамитыны белгілі.
Сонымен бірге, организмде
нәруыздардың түзілуі азаюынан және оның артық ыдырауына
әкелетін барлық дерттер кездерінде гемоглобиннің түзілуі
мен қан жасушаларының өндірілуі
төмендеуінен анемиялар
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: