Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет363/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қан көріністері. 
Темірташпылықты анемия қан түзілуі 
бойынша - эритробластық, түстік көрсеткіші бойынша - 
гипохромдық (0,6-дан төмен) анемия (-сурет). Гемоглобиннің 
мөлшері (30-40 г/л-ге дейін) эритроциттерге қарағанда 
басымырақ төмендейді. Қан жағындыларында гипохромия, ани-
зоцитоз, 
микроцитоз, 
пойкилоцитоз 
байқалады. 
Сүйек 
кемігінде 
эритроциттік 
өсінділердің 
қалпына 
келу 
қабілетіне байланысты бұл анемия жиі гипорегенерациялық 
болады. 
- сызбанұсқа 
Теміртапшылықты анемияның патогенезі. 


431
 
Кейде организмде темір жеткілікті болғанына қарамай 
теміртапшылықты анемияға ұқсас гипохромдық, микроциттік 
анемия дамиды. Бұл анемияларды темірі бар дәрілермен емдеу 
ешқандай нәтижеге әкелмейді. Сондықтан бұндай анемияларды 
темір дарымайтын немесе сидероахрестикалық (грек.achrestos 
- пайдасыз), темір рефрактерлік анемия деп атайды. Бұл 
анемиялардың даму негізіңде гем молекуласы түзілуіне 
қажетті порфириннің тапшылығы жатады. 
Порфирин тапшылықты анемиялар.
Гемоглобин молекуласындағы гем молекласының түзілуі 
көптеген ферменттердің қатысуымен өтетін күрделі үрдіс. 
Порфириннің түзілуі глициннің янтар қышқылы өнімдерімен 
байланысуымен басталады. Содан σ-аминолевулен қышқылы 
түзіледі. Ол үшін В
6
витаминінің коферменттік түрі - 
пиридоксальфосфат қажет. Екі σ-аминолевулен қышқылынан 
порфобилиноген түзіледі. Артынан порфобилиногеннің төрт 
молекуласынан 
уропорфирин-копропорфирин 
түзіледі. 
Копропорфирин карбоксил тобынан айрылып, протопорфирин 
айналыды, соңғысы гемсинтетаза ферментінің қатысуымен 
темірдің иондарын байланыстырып, гемге айналады ( - 
сызбанұсқа).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет